Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Астана” Қазақстанның бес дүркін чемпионы атанды

ФК сайты хабарлағандай, Премьер-Лиганың 31-туры аясында “Қайрат” өз алаңында павлодарлық “Ертістен” жеңіліп қалды, осыдан кейін “Астананы” енді ешқандай команда басып оза алмайтыны белгілі болды.

Осылайша, астаналық клуб чемпионат аяқталғанға дейін төрт матч қалғанда Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды.

Айта кетейік, “Астана” футбол клубы Премьер-Лиганың алтынын бесінші рет қатарынан жеңіп, рекорд орнатты. Бұдан бұрын бірде-бір қазақстандық футбол командасы қатарынан бес маусым үздік бола алмаған.

Сондай-ақ, елордалық клуб титулдар саны бойынша Қазақстандағы ең үздік клубтардың тізіміне енді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз