Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Астана “БТА Банк ісін” тергеуді аяқтағанын мәлімдеді

Коррупцияға қарсы қызметтің мәліметі бойынша, Әбілязов БТА банктен қаржы жымқыру үшін өзі басқаратын қылмыстық топ құрған, қызметін асыра пайдаланып, ақшаның ізін жасырған. Бұл іске қатысты өзге фигуранттардың ішінде қаңтар айында Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланған банктің басқарма басшысының төраға орынбасары болған Жақсылық Жәрімбетов, банктің басқарма басшысы болған Сәдуақас Мамеш пен банктің несие беру бойынша директоры болған Қайрат Садықовтың аты-жөндері аталады.

«Келтірілген зиянның жалпы сомасы 7,5 миллиард АҚШ долларынан асады. Тергеу ісінде ұрланған қаржы халықтың зейнетақы қорына салған салымы, Қазақстан азаматтарының жеке жинағы және шетелдік қаржы институттарынан алынған қарызы болатын»,- делінген коррупцияға қарсы қызметтің хабарламасында. Сонымен бірге қылмыстық іс 2224 томнан тұратыны айтылады.

Ұлттық бюро Әбілязовты екі рет — 2 ақпанда және 14 ақпанда Астанаға тергеуге шақырған.

Шетелде тұратын Әбілязов өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істердің бәрін теріске шығарып, саяси астары бар деп бірнеше рет мәлімдеген.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз