Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Астана банкі Назарбаевтың сынына жауап берді

Кеше Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк қызметінің қорытындылары жөнінде кеңес өткізіп, банктерді сауықтыру бағдарламасы тоқтатылатынын мәлімдеген болатын. Президенттің айтуынша, өте нашар банктерді сақтап қалу үшін акционерлер өздерінің жеке қаражатын құйып, кезінде олардан шығарып алған қаржыны қайтаруы тиіс.

“Қазір Эксим банк, Астана банкі, Qazaq Banki сияқты банктердің көрсеткіштері өте нашар, акционерлері басқара алмай отыр, қарызға батқан, өз салымшыларының қаржысын қайта алмай отыр, олар қалай жұмыс істемек? Мұның бәрін мемлекетке аудара салмақшы!”, — деді Назарбаев.

Астана банкі мемлекеттік қолдау бағдарламаларына арқа сүйеп отырмағанын алға тартты.

“S&P халықаралық агенттігі банктің рейтингін “B-/B” және “kzB+” деңгейінде растады. Банк алдағы уақытта да өз клиенттері алдындағы барлық міндеттемені толық орындауға ниетті”, — деп аталып өткен хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз