Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

«Астана банкі» ақшасын қайтарып беру үшін миллионерлерді іздестіруде

199
Сурет kapital.kz сайтынан алынды

2018 жылы қыркүйекте «Астана банкі»  банктік операцияларды жүргізуге рұқсат беретін лицензиясынан айырылды. Екі айдан кейін Алматы экономикалық соты банк жұмысын мәжүрлеп тоқтату туралы хабарлады. 2019 жылы 9 қаңтарда шешім өз күшіне енді. Осы жылдың 26 қаңтарында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКҚ) есебінен салымшылардың ақшалары қайтарыла бастады.

Алғашқы  үш күннің ішінде  салымшылардың алдындағы міндеттеменің 75%, алғашқы айда – 95% төленді. Қазігі уақытта «Астана банкі» АҚ салымшыларына 37 млрд теңге қайтарылды. Банк-агентке бүгінгі күнге дейін жүгінбеген адамдардың алдындағы банк міндеттемесі бастапқы сомманың 1%-ын құрайды, — деп атап өтті ҚДКҚ.

Сондай-ақ «Астана банкі»  268 мың адамға жалпы соммасы 39,7 млрд теңгені құрайтын карточкалық есепшот ашқан. Бұл жабылған банктің клиенттерінің бәрі бірдей өз салымдарын алып кетуге уақыт таппағанын көрсетеді.

Миллиондар туралы ұмытып кетті ме?

Еуразиялық банкке (банк-агент) 268 мың адамның ішінен ақшасын қайтарып алуға тек 59 мың адам келген.  Барлық аймақ бойынша клинеттердің 28% ғана жүгінген. Яғни

банктің бұрынғы клиенттерінің жартысынан көбі өз салымдарынан бас тартқан

«Есепшотта қалған ақша көлемінің көп болмауын негізгі себеп ретінде қарастыруға болады.  Сұранысқа ие болмағын депозиттердің 95%-ға жуығы 5 мың теңгеден төмен, оның 80% бір мың теңге шамасында. Осы себептен салымшылар көлемі шағын депозиттер бойынша ақшаларын қайтарып алуға асығар емес , — деп хабарлайды ҚДКҚ.

Алайда олардың арасында қомақты салымы барлар да аз емес. Кейбіреуі тіпті бірнеше миллионды құрайды.

«Әзірге банк-агентке жүгінбеген екі клиенттің депозитінің көлемі максималды сомманы (10 млн. теңге) құрап отыр, сондай-ақ,

30 салымшы – 1 млн артық, 346 адамның – 100  мың,

5 мың адамның – 10 мыңнан артық» салымы бар, — дейді  Депозиттерге кепілдік беру қоры.

Қайда бару керек?

Салымшылар өз ақшаларын алып кету үшін, ҚДКҚ қайтару  мерзімін 2020 жылдың 27 шілдесіне дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл үшін «Еуразиялық банктің» кез келген бөлімшесіне жүгіну керек.

  • Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз немесе нотариуспен расталған үшінші тарапқа берілген сенімхат болуы керек.
  • Өтінішті қарау және қаржыны өтеу мерзімі – 5 күн.
  • ҚДКҚ ұлттық валютада жинақталған депозиттер бойынша 10 млн теңге, шетел валютасында – 5 млн теңге, егер екі валютада да салымы болса – 15 млн теңге қайтарылады.
  • Ақшаны қолма-қол немесе банк есепшотына аудару арқылы алуға болады.
  • Ақша тек теңгемен қайтарылады. Шетел валютасымен сақталған салымдар 2019 жылғы 9 қаңтардағы  (сот шешімі күшіне енген мерзімдегі) курспен есептеледі.

«Qazaq banki»-нде 12 мың салымшының ақшасы бар

Qazaq banki қиын жағдайға тап болды. Банк жұмысын мәжбүрлі түрде тоқтату туралы сот шешімі 2018 жылдың желтоқсанында шығарылды. Бұл екінші деңгейлік банкте карточкалық есепшот ашылып, оған 18 мың адамның ақшасы салынды. Жалпы сомасы 20,5 млрд  теңгені құрайды. ҚДКҚ мәліметінше:

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2018 жылдың 24 желтоқсанынан бастап салымшылардың ақшасын қайтара бастады. ВТБ банкі (Қазақстан) банк-агент болып таңдалды. ҚДКҚ 2020 жылдың басында салымшылардың алдындағы міндеттемелерінің 99% -ын қайтарып, 20 млрд теңге төленген.

Қаңтардың басындағы мәліметтерге сәйкес 227,2 млн теңге әлі де қайтарылған жоқ. Олар 12 мың салымшының есепшоттарына бөлініп салыған. Ақшасын қайтып алуға келмеген адам орта есеппен банкте 18,8 мың теңгесін қалдырған.  Бұл «Астана банкі» қайтаратын соммадан 8 есе жоғары. 2020 жылдың 24 маусымына дейін «ВТБ банкінің» кез келген бөлімшесіне жүгініп ақшаларын қайтарып алуға болады.

«Delta Bank ақшаның жартысынан астамын да қайтара алмай отыр

Delta Bank-тің де жағдайы мәз емес. Бұнда әр 9 салымшының тек біреуі ғана ақшасын алу үшін келген. Нәтижесінде 2020 жылдың қаңтарында  201,2 млн теңге көлеміндегі ақшаның тек 93,4 млн ғана қайтарылған. Ал қайтару процессі болса 2018 жылы басталған болатын.

«Ликвидациялық комиссия және ҚДКҚ  барлық салымшыға хабарласқан. Жалпы тізімдегі 538 адаммен байланыса алдық. Қалғандарының байланыс нөмерлері ауысқан немесе мүлдем жоқ.

Қазіргі сәтте ҚДКҚ «Delta Bank» АҚ салымшыларының мәліметтер базасын жаңартып жатыр. Осыдан кейін клиенттерге қайта хабарласамыз. ҚДКҚ ақшасын қайтарып алуға келген салымшылардың  депозит бойынша кепілді өтем соммасын арттырамыз,  — деді қор өкілдері.

Жұмысын тоқтатқан банк клиенттері  «БанкЦентрКредит»-ке келіп салымдарын қайтарып ала алады. Ең соңғы мерзім – 2020 жылдың 21 мамыры.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз