Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Астана әуежайында көлік полициясы бөлімінің жаңа ғимараты ашылды

133

Қалмұқамбет Қасымов

– Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауы нәтижесінде, ішкі істер органдарының материалдық-техникалық жағдайы жылдан жылға жақсарып келеді. Бүгін, міне, көлік полициясы Астана әуежайында қажеттіліктеріне жауап беретін жаңа қызметтік баспанаға қол жеткізіп отыр,– деді министр салтанатты шарада.

ҚалмұқамбетҚасымов өз сөзінде халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу қарсаңында елорданың әуежайы мен вокзалдарына шетелдік қонақтар және еліміздің тұрғындары көптеп ағылатынын атап өтті. Сондықтан Астанаға келетін қонақтар өздерін жайлы әрі қауіпсіз сезінуі көлік полициясына жүктелер жауапкершілік ерекше.

Атап өтер жәйт, Астана қаласының әуежайы тәулігіне 10 мыңнан астам жолдаушы қабылдайды, ал мерекелік күндері бұл көрсеткіш екі есеге көбейеді. Әуежайға күніне 160 жолаушы ұшағы ұшып-қонады. Соған байланысты еліміздің көлік полициясы құқық бұзушылықтың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айырықша көңіл бөледі.

Министр жаңа ғимаратты аралап, ішкі жабдықтарымен, сондай-ақ көлік полициясының қызмет атқаратын орындарымен танысып шықты.

Содан соң, министр Көліктегі ішкі істер департаменті мен оның бөлімшелерінің жеке құрамы алдағы уақытта да азаматтардың құқығы мен мүдделерін лайықты қорғап, олардың көліктегі қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз ететініне сенім білдірді.

Ғимаратты ашу салтанаты

Желілік ішкі істер бөлімінің жаңа ғимараты «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық және оны өткізу кезіндегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету Іс-шаралары жоспары аясында салынды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз