Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Астана әкімі арнайы медальға ие болды

Сессия жұмысына ТМД атқарушы комитетінің ҚХА (қалалардың халықаралық ассоциациясы) 28 мүше-қалаларының 100-ге жуық өкілдері, 5 халықаралық бірлестік, 7 ғылыми және сараптау ұйымының өкілдері қатысуда.

Жиында «ТМД экономикалық дамуы іскерлік кеңесі» директоры Владимир Савченко елорда әкімі мен Халықаралық қалалар ассамблеясының президентіне арнайы медаль тапсырды.

«Іскерлік кеңесі мен ТМД басшылығы атынан Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевке және Халықаралық қалалар ассамблеясының президенті Ирек Ялаловқа «Тәуелсіз мемлекеттер достағынына 25 жыл» атты медальды тапсырып, оларды құттықтаймын», – деді ол.

Сессия бағдарламасының пленарлық отырысы «Қаланың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ақылды технологияларды енгізу» және «Заманауи урбанизация жағдайында көлік жүйесін басқару» атты 2 секциядан тұрады.

Айта кетейік, ірі қалалар мен астаналардың халықаралық ассоциациясы – қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірлесіп әрекет етуді ұйымдастыру үшін 1998 жылдың 3 қыркүйегінде құрылған коммерциялық емес қоғамдық ұйым. Ол 7 астананың атқарушы билік органдарымен және ТМД-ға мүше 9 мемлекеттің 19 ірі қалаларының органдарынан құралған. Қазіргі уақытта оның құрамына ТМД-ға кіретін 9 елдің 87 шаһары бар. Оның ішіне Қазақстанның 9 қаласы да кіреді.

Астана 2004 жылдың 17 тамызынан бастап аталмыш ұйымға мүшелік етеді. Қазақстанның бас шаһарында аталған ұйымның сессиялары 2001, 2005 және 2008 жылдары 3 рет өткізілді. Биыл халықаралық жиын елордада 4-ші рет өткізіліп отыр.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз