Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Астанаға Владимир Путин мен Александр Лукашенко келді

Бүгін Астанада Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан елдерінің басшылары интеграцияны дамыту келешегін, оның ішінде газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын құруды талқылау үшін бас қосып жатыр.

Кеңес отырысы шағын және кеңейтілген құрамда өтеді. Тараптар бірлескен құжаттарға қол қояды деп күтіледі.

Кеңес аясында Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің екіжақты кездесуі де жоспарланған.

Ал Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко Астанадағы аталған кеңеске қатысу үшін бір күні бұрын, яғни 30-мамырда келді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко Ақордада кездесіп, екі ел арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынасты талқылады.

– Біздің республика – Беларусьтің жетекші экономикалық серіктесінің бірі. Жұмсалған күш-жігер арқасында соңғы жылдарда көптеген бірлескен кәсіпорындар құрылды. Өзара тауар айналымының деңгейі қазіргі ахуалға байланысты аздап төмендеді, бірақ оның нақты жалпы көлемі сол қалпында қалды.

Елдеріміздің интеграция мәселелеріне қатысты көзқарасы ортақ, халықаралық саясатта да ұстанымдары ұқсас. Біз Сізбен тұрақты түрде кездесіп отырамыз, қазіргі кезде стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жұмысын жүргізудеміз. Көптеген мәселелер бойынша, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл, өңірдегі және тұтас әлемдегі ахуал жөнінде пікір алмасу үшін біздің кездесуіміздің маңызы зор, – деді Қазақстан басшысы кездесу кезінде.

Бүгін  Астанаға Қырғыз Республикасы мен Армения басшылары да келіп жетуі тиіс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз