Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Асқар Мамин мен Дмитрий Рогозин Байқоңырды дамыту мәселелерін талқылады

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен «Байқоңыр» кешенін одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмастырылып, «Бәйтерек» бірлескен Қазақстан–Ресей жобасының іске асырылу барысы талқыланды.

«Байқоңыр» кешені жөніндегі үкіметаралық комиссияның алдағы жұмыс тәртібі, сондай-ақ, Байқоңыр қаласын дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Қазіргі таңда инвестициялар тарту мақсатында Байқоңыр қаласында арнайы экономикалық аймақ құру мәселелері пысықталып жатыр.

Сонымен қатар, кездесу барысында ғарыштық байланыс спутниктерін бірлесіп құру саласындағы ынтымақтастық келешегі талқыланды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз