ҚР Қарулы күштері Бас штабының ұйымдастыру-мобилизациялау департаменті басшысы, генерал-майор Мүслім Дайыровтың сөзіне сүйенсек, бүгіндері әскери борышын өтеуге ниетті жастар өте көп.
Бұл туралы sputniknews.kz хабарлады.
„Бұл – отбасылық және денсаулық жағдайына байланысты, одан соң ауылда жұмыс істейтін дәгігерлер мен мұғалімдер, жергілікті мәслихат депутаттары (депутаттық кезеңінде ғана). Егер олар өз бетімен әскер алдындағы борышымды өтегім келеді деп өтініш жасап, денсаулықтары жарап тұрса, онда Қарулы күштер қатарына алына береді„ – деді генерал-майор Дайыров.