Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-24
USD
515
-10.00
EUR
545
-7.59
RUB
5.17
+0.03

Әскерге барудан қашқан дені-қарны сау азаматтар айыппұл төлеуі мүмкін

Қазақстан армиясының қатарына жаңадан 16 мың сарбаз қосылады. Екінші қыркүйектен бастап елімізде 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтарды әскер қатарына шақыру басталды.

«Қазір азаматтық борышын өтеуге ынталы жастар көп», – дейді мамандар. Жалпы мерзімді әскер қатарына 120 мың ер азамат шақырту алады. Соның 80 пайызы армияға жарамды жандар. Тек 10 пайызы ғана денсаулығына байланысты әскерге жарамсыз. Ал қалған он пайызы уақытша ем қабылдап жүргендер саналады.

“Біз Ішкі істер министрлігімен бірге жұмыс істейміз. Бірнеше мәрте шақыруға келмегендердің тізімін тиісті органдарға береміз. Азаматтарды тұрғылықты мекенжайы бойынша табу қиын. 27 жасқа дейін қашып жүретіндер де бар. Олардың үстінен әкімшілік жазадан бөлек, қылмыстық іс те қозғалады. Әскерге барудан жалтарғандарға 2 миллион теңге айыппұл салынады. Егер денсаулығына байланысты жалған құжаттар жасатса одан екі есе көп айыппұл төлейді немесе осы қаржыны өндіру мақсатында қара жұмысқа жіберіледі”, – деді ҚР ҚК Бас штабы тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің басшысы Мүслім Дайыров.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз