Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
426
-0.24
EUR
496
+0.41
RUB
5.99
-0.01

Аштық билікке тікелей әсер етеді – әлеуметтанушы

294
Коллаж tengrinews.kz

ФАО-ға (БҰҰ-ның ауыл шаруашылығы және азық-түлік ұйымы) сілтеме жасай отырып, банк 10 ай қатарынан тауарлардың 90 түріне баға индексінің өскенін атап өтті. Қазір ол 2014 жылдан бастапқы шарықтау шегінде.

10 жыл ішінде ең жоғары бағаға – астық  70%-ға, қант 60%-ға, өсімдік майлары екі есеге дейін қымбаттады.

“Пандемия әкелген ауыр сынақтарды ескерсек, соққының жаңа толқыны тарихи стандарттар бойынша тосынсый бола алмайды”, — деп жазады Deutsche Bank стратегі Джим Рид. — “Дамушы елдердің экономикалары әлсіз күйде, өйткені мұнда тұтынушылар дамыған елдерге қарағанда кірістің едәуір көп бөлігін азық-түлікке жұмсайды”.

2021 жылдың маусымында қазақстандықтар көкөністердің, еттің, жұмыртқаның және өсімдік майының күрт қымбаттағанын байқады. Күзге қарай бірқатар аймақтарда құрғақшылықтың салдарынан экономистер бағаның жаңа өсуі болады деп болжайды. Бұл ретте үй шаруашылықтарының табыстары өзгеріссіз қалады. Әлеуметтік және саяси зерттеулер стратегиясы орталығының жобалар үйлестірушісі Ольга Симакова азық-түлік бағасын мемлекеттің бақылауы ғана елді шиеленістен құтқара алады деп санайды. Қазақстан халқының өмір сүру бағасының біртіндеп көтерілуіне бейімделу қабілеті ерекше.

Аштық пен наразылық тікелей байланысты

– Ольга, Deutsche Bank болжағандай, Қазақстанда адамдардың ас үйдегі наразылығы алаңға шығуға ауысатындар жағдайлар бар ма? Қазір халықты наразылыққа не итермелеуі мүмкін?

– Жақында біз 2019, 2020 және 2021 жылдардағы деректерімізді салыстырдық. Әлеуметтік шиеленіс пен бағаның өсуі арасында байланыс бар ма? Бар. Сондай-ақ, адамдардың әлеуметтік көңіл-күйіне азық-түлік тапшылығы немесе олардың қол жетімсіздігі әсер етеді. Бұл тезистердің барлығын өткен ғасырдың теоретиктері сипаттап айтып кеткен. Питирим Сорокиннің

“Аштық фактор ретінде” еңбегі – бұл классикалық дереккөзі. Менің ойымша, біздің мемлекет басқарушылар оны оқуы керек,

адамдардың әлеуметтік мінез-құлқының детерминанты, факторы ретіндегі аштықтың әсерін білуі үшін. Сонда шешімдер де басқаша қабылданады.

Біздің жағдайда қолайсыз табиғи жағдайларда билік органдарының болжамды іс-әрекеті қалай сәтсіздікке ұшырайтыны анық. Бұл бағаға әсер ететін құрғақшылыққа қатысты. Қазір сауда министрлігі жалпы әлемдік үрдіске сілтеме жасай отырып, бағаның өсу фактісін айқындап отыр, бұл саясаттанушыларға қатысты мәселе. Бұл жерде азық-түлік қауіпсіздігі туралы айту керек. Сонымен қатар, пандемия кезінде көптеген қырлары бойынша біздің осалдығымызды көрсетті.

Егер бір жыл ішінде дұрыс шешім қабылданбаса, бұл мемлекеттік аппараттың құзыреті мен тиімділігі туралы мәселе

Халық қиын жағдайға тап болды. Бұл факт. Бағаның өсуі азық-түлікке де, азық-түлікке жатпайтын тауарларға да қатысты. Біз оны 2018-2019 жылдардан бастап бақылап келеміз.

Яғни

былтырғы және 2021 жылғы дағдарыстың пандемияның салдарынан болған жоқ. Сның әсері деудің қажеті шамалы

Қазіргі қиындықтардың тамыры тереңде жатыр.

Ольга Симакова, фото Facebook-тегі жеке парақшасынан алынды

Респонденттерден сұраймыз –  отбасыңыздың материалдық-экономикалық жағдайын қалай бағалайсыз? Бұл сұрақты 2004 жылдан бастап қойып келеміз.

Яғни, қорытынды жасау үшін жеткілікті мәліметтер қоры жинақталды.

Соңғы үш жылда, 2021 жылды қоса алғанда, бұл сұраққа жауап беруге қиналатындардың саны артты. Яғни, адамдарға отбасының материалдық жағдайын бағалау қиын. Әдетте қаржылық жағдайы орташа деп айтатын ең көп топқа жататындардың саны төмендеді. Мысалы, 2019 жылы қаржылық жағдайы нашар деп мойындаған респонденттер саны артты. Бұл тенденция 2020 жылы да, 2021 жылы да жалғасуда.

Біз 2021 жылдың ақпанында жүргізген зерттеу көрсеткендей, қаржылық жағдайын нашар немесе өте нашар деп санайтындардың саны 26%-ды құрады. 2017 жылға дейін бұл көрсеткіш 10%-дан аспаған. Яғни, 2,5 есе өскені айқын.

Қанша адамның жағдайы нашарлады?

– Ал адамдар неге ондай күйге түскенін түсіндіре ала ма? Бағалар көтерілді ме, жалақысы жетпей ме немесе кіріс көздерін жоғалтты ма?

– Зерттеу мониторингі, бұл мәселе индекспен жүргізіліп жатыр. Яғни, адамдар сұраққа өздеріне сәйкес келетін жауап нұсқасын таңдайды, содан кейін біз көрсеткіштерді өткен жылдармен салыстырамыз.

2021 жылдың басында біз 2020 жылы қазақстандықтардың өмірін шын мәнінде не нашарлатқанын түсінгіміз келді ме?  Бизнестің шектеулерге байланысты тоқтауы және кірістің төмендеуі отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсер еткенін анықтадық.

Респонденттердің 44%-ы 2020 жылдың ақпанынан 2021 жылдың ақпанына дейін өмір сүру нашарлағанын айтты. Сауалнамаға жауап бергендердің 39%-ында ештеңе өзгермеген. Тек 15%-ының жағдайы жақсарған

Табыс айырмашылығын жасау керек. Бірақ менің ойымша, жағдайдың жақсаруы бастапқыда жақсы көрсеткіштерге ие болған топтарда болуы мүмкін.

2020 жылдың II-III тоқсандарында адамдардың көңіл-күйінің жағымды жаққа өзгергені байқалды. Мұны мемлекеттік органдар анықтап отыр. Менің ойымша, бұл мемлекеттік қолдауға байланысты. Аты шулы 42 500 теңге төленді. Тіпті болмашы көмекті адамдар мемлекет тарапынан қамқорлықтың бір түрі ретінде қабылдады. Халық пен мемлекет арасында ынтымақтастық сезімі пайда болғандай болды. Сондықтан әл-ауқат пен өмірге қанағаттанушылықты бағалау орташа және тіпті орташа деңгейден сәл жоғары болды.

2021 жылдың ақпан айы туралы айтатын болсақ, қолдау тоқтап, мемлекет шығындарды есептей бастаған және олардың орнын толтыруға тырысқан кезде көңіл-күй төмендей бастады. Бұл үрдіс пандемияға дейінгі кезеңнен бері жалғасып келе жатқандығын тағы бір рет атап өткім келеді. Ал 2020 жыл үлкейткіш әйнектің бір түрі болды, онда динамика айтарлықтай байқалды.

Сондай-ақ, біз респонденттерден соңғы жылы өздері мен олардың отбасылары қандай жағдайларды бастан өткізгенін сұрадық. Әр түрлі жауаптар келді, бірақ ең танымал бес жауап таңғаларлық:

  • өнімдер мен қызметтер бағасының өсуі
  • қарызға, несиеге алу немесе тұтынушылық несие рәсімдеу қажеттілігі
  • отбасы мүшелері табысының азаюы
  • туыстары мен достарына материалдық көмек көрсету қажеттілігі
  • кейбір тауарлар мен қызметтерден бас тарту

Яғни, адамдар пандемиядан бұрын өмірлік қолайсыздықты сезіне бастады. Ал 2021 жыл үрдісті жалғастырды. Қаржылық жағдайды бағалау байсалды жүрді. Сауалнамалардың таңқаларлық нәтижелері үшін бізді жиі сөгетін – отандық экономикадағы ахуал онша жақсы емес, ал тұрғындар өмірге қанағаттанатындықтарын айтады.  Олар адамдардың менталитетіне байланысты жағдайды осылай бағалайтынын ұмытады.

 “Жаман” деп дауыстап айтпау керек, одан да жаман болмау үшін. Ырымшылмыз, бірақ шындық осы.

Баға өсіп жатыр ма? Тамақ жемейміз!

Неміс банкі қымбат тағамға ақшаның жетіспеуіне байланысты тұтыну көлемін мәжбүрлеп азайту адамдарды көшеге шығаратынын айтады. Қалай ойлайсыз, банктің болжамдары Қазақстанға да қатысты бола ма?

– Бағаның өсуі мен наразылық көңіл-күйінің өзара байланысты екенін ескерсек, жоғарыда айтып өткендей, Қазақстанда қандай да бір наразылық акциялары болатынына күмәнім бар.

Бағалар бірден көтерілмей, біртіндеп көтерілгенде, халық оған бейімделе алады. Әрине, әлеуметтік шиеленіс күшейе түседі, бірақ айтарлықтай емес.

Алайда, 2021 жылдың маусымындағы картоп пен сәбіз бағасының күрт өсуін еске түсірейік. Халық мұндай жағдайларға қалай қарайды?

Бағасы көтерілген өнімді тұтынуды азайтады немесе одан бас тартады. Көбінесе, әрине, сатып алуды жалғастырады, бірақ бұл артығымен алып қою үшін емес, бір реттік пайдалану үшін

Картоп пен сәбіз бағасына байланысты шенеуніктердің «бұл маусымдық баға көтерілу» деп берген түсініктемесі аздаған тыныштық орнатты. Шын мәнінде солай болды. Сонымен қатар, әлеуметтік желі қолданушылары атап өткендей, көкөністердің шынайы бағалары туралы ақпараттық және нақты көріністер әрқашан сәйкес келе бермейді – уәде етілген «картоптың бір килограмына 500 теңге» орнына дүкендер 350-ге ұсынды. «Соншалықты жаман емес», – деп ойлады адамдар. Бұл да тыныштандыратын факторға айналды.

Біздің алдымызда басқа шындық тұр – құрғақшылықтың соңы. Бұл күзде жем-шөп, ет, сүт, жұмыртқаның бағасына әсер етеді. Бұл жерде, әрине, сценарийді алдын-ала болжай бастау керек. Мысалы, сиыр етінің 1 килограмы 5 мың теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін деген хабарлар қазақстандықтардың тұтыну мәдениетіне қатты әсер етеді.

Ет жейтін ел үшін еттің қол жетімсіз болуы әлеуметтік қанағаттану емес

Еркін таңдалған диета деген нәрсе бар. Адам өзінің сүйікті өнімдерін тұтынудан шектеу болмайтын кез. Осы еркіндікке зиян тигізе бастағанда, бағаның өсуімен немесе кірістің төмендеуімен бе, маңызды емес – бұл көңіл-күйдің өзгеруіне әсер етеді. Адамдар алаңға шығады деп ойламаймын, бірақ алдағы уақытта әлеуметтік желілерде келеңсіздік толқыны айқын көрінеді.

Бағаның бірқалыпты өсуін сақтау

Біз әлеуметтік шиеленістің күзде күшейе түсетінін сезудеміз, мемлекет қандай алдын-алу және сонымен бірге тиімді шаралар қабылдауы керек?

— Қиын сұрақ. Мәліметтер көрсеткендей, 2020 жылдың желтоқсанында Сауда және интеграция министрлігінің бағалардың өсуі туралы болжамдары ақталмады. Бұл мемлекетке жағдайды бақылау және дұрыс бағалау қиынға соғатынын білдіреді. Әсіресе орта мерзімді болжамдар жасау. Егер жақсы талдау мен сапалық бағалау болмаса және шешімдер шұғыл түрде қабылданатын болса, олар 100% дұрыс болмайды.

Егер болашақта бағаның өсуі сөзсіз болса, мемлекеттің міндеті – бағаның шарықтап кетуіне жол бермеу. Наразылық сезімдерін тудырмау үшін

Егер әлеуметтік көңіл-күйдің нашарлығы адамдарды алаңға шығармаса да,  ол орталық және жергілікті билік органдарына деген сенім рейтингтеріне әсер етеді. Қазірдің өзінде халық тарапынан билікті қолдау деңгейі төмен. Көбісі жағымсыз өзгерістерге бейімделуге немесе оларды байқамауға тырысады.

– Биліктен жағымды нәрсе күткеннен гөрі, өзіңізге үміт арту психологиялық тұрғыдан оңай шығар?

– Біз, халық дәл осылай әрекет етіп жатқанын көріп отырмыз. Бұл белсенді емес стратегиялар адамдардың жағдайдың жақсаратынына сенбейтіндігінің көрсеткіші ме, жоқ па, оны нақты айта алмаймыз. Респонденттердің пікірінше, наразылық акциясына бару – бұл уақытты, қаражатты жоғалту және айқын ықпалсыз әкімшілік жауапкершілікке тартылу қаупі.

— Екінші жағынан, үнемі өздерін шектеуге мәжбүр болса және осы шектеулер ұдайы өсіп отырса, ерте ме, кеш пе жарылуы мүмкін, солай емес пе?

– Теориялық тұрғыдан жинақталған жағымсыз әсер ақыр соңында өз жолын табады. Сұрақ – қандай? Соңғы 20 жыл ішінде барлығы төңкерісті күтуде. Бірақ шындық осы

Қазақстандағы наразылық көңіл-күй синусоида түрінде дамуда кейде жаман, кейде жақсы, содан кейін қайтадан кейде жаман, кейде жақсы. Жарылыстың болуы әбден шындыққа айналған кезде, жағдайды тыныштандыратын оқиғалар орын алады.

Оның үстіне, бұл нақты азаматтардың өміріндегі экономикалық жақсару болмауы да мүмкін. Мемлекеттің жаңа жетістіктері туралы жағымды жаңалықтар жеткілікті.

Жақын арада ауылдық әкімдіктерге сайлау өтеді. Мүмкін, сол 2021 жылы қандай да бір шиеленісті басатын шығар. Яғни, адамдарда өз ауылдарын өздері басқарып, жағдайды жақсы жаққа өзгерте аламыз деген үміт бар.

Менің ойымша, ауылдық тәжірибеге қарап, бұл эксперименттің соңы не болатынын қала халқы да күтеді. Біраз уақыт тыныштық болады. Әлеуметтік тұрақтылыққа өз үлесін қосу үшін мемлекет оны жіберіп алмауы қажет.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз