Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
9
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Ашаршылық шындығы: қазақтың еті Ресейдің 12 миллион адамын асырады

379

1921-1922 және 1932 жылғы ашарлыққа байланысты да осындай жағдайлар кездеседі. Исі қазақты қынадай қырған осы бір қасіретті кезең жайында кезінде белгілі тарихшы Талас Омарбеков былай деген:

Ашығын айтар болсақ, 1921-1922 жылдары болған ашаршылық жұтқа байланысты.
https://kaz.365info.kz/asharshyly-bolma-anda-60-million-a-zheter-edik-208210

Ашаршылықтан үлкен зардап шеккен Батыс Қазақстан мен Орталық Қазақстан аумақтары.

Ал Жетісу өңірінің халқы отырықшылықтың арқасында аман қалды. Батыстағы ашаршылық туралы мәліметтер нақты. Төрт түлік малдың әр түрінен қанша бас қырылғаны және қаза тапқан адам саны жөніндегі деректер 1924 жылы Қазақстандағы ресми әдебиеттерде келтіріледі. Кей зерттеушілер кітапханада тұрған осы деректерді оқымай, көрмей, көз жеткізбей жатып ашаршылық жайында нақты мәліметтер жоқ деп мәлімдейді. Мұндайда дәлме-дәл айту қиын, дегенмен қолда бар демографиялық есеп пен мұрағат деректерін салыстырып қарағанда 700 мыңнан астам адам 1921-22 жылдардағы ашаршылықтың тікелей құрбаны болды.

Бұл жұттан аман шығуға болатын ба еді, деген сауал қойылатын болса, әрине, аман қалуға болар еді. Онда да Батыс Қазақстан аймағында азамат соғысының салдары сақталмаған болса.

Орталық және Батыс Қазақстан аймақтарын большевиктер екіге бөліп кетті. Бай, кедей деп қана емес, ақ, қызыл деп.

Азамат соғысының алаңына айналған бұл екі аймақтың халқы да ол тұста жайлы ғұмыр кешті деу қиын. Халықтың ерсілі-қарсылы көшінен жұттың алдын алу мүмкін болмай қалды. Ашаршылықты большевиктердің немесе сол тұстағы өкіметтің қателігі деп айта алмаймыз.

Өкіметтің қазақ жерінде жасаған зобалаңы – ел ішіне іріткі салу арқылы халықты бір-біріне айдап салды. Бұл – ашаршылыққа қосымша түрткі болды.

1931-32 жылдардағы ашаршылықтың себебі – большевиктік жүйенің аграрлық, индустрияландыру реформасының механизмдерінің дұрыс жобаланбауы. Индустрияландыру саясаты елімізге завод, фабрика салуды көздеген жоқ. Қазақстан Ресейдің еуропалық бөлігіндегі жаңдан салынып жатқан екпінді құрылыстарды етпен қамтамасыз етуші ел ғана болды.
https://kaz.365info.kz/myanma-dejsizder-4-mln-khazakhty-khyrgan-stalin-khylmysyn-khalaj-zhasyrganyn-bilesiz-be-279084

Ленинград, Мәскеу, сонымен қатар Қызыл Армияны есептегенде барлығы 12 миллион адамды етпен асырағаны мұрағаттағы ресми деректерде көрсетілген.

Ашаршылық кезінде «Ленинград мясопродукт», «Москва мясопродукт» деген атпен құрылған ұйымдар Қазақстаннан ет тасып әкетумен айналысты.

Ет дайындау науқанының асыра сілтеуі қазақ халқына қасірет болып жабысты.

Мұрағатта отырмаған тарихшылар ашаршылық жайында нақты деректер жоқ деп жатады. Ол – жалған.

Мал басы 1930 жылы 1 маусымда 39 миллионнан астам болды. Есеп дәлме-дәл жүргізіліп отырды, себебі әр жылдың 1 маусымында мал саны есебі өткізілетін. Осы ретте халық санағы да жүргізілген. 40 миллионға жуық малдан ашаршылық біткенше 4 миллионға жуық бас қалды. Бұл Орал Исаевтың ресми баяндамасында да айтылған.

1931-1937 жылдар аралығындағы халық саны қанша болғандығы жөніндегі деректер бар қолымда. Мәскеудің Орталық экономика мұрағатынан алып келдім. 1930 жылы 1 маусымда Қазақстанда ауылдың халқы 5 миллион 873 мың болса, оның 4 миллион 800 мыңы – қазақтар. Мұны отырықшыландыруға байланысты қазақтардың есебін жүргізген деректерден алып отырмыз. 726 мың шаруашылықты отырықшыландырған. 5 миллион 873 мың адамнан 1933 жылы 2 миллион 493500 ғана қалған. 3 миллион 379500 адам жоқ. Мұның 1 миллионға жуығы – босқындар.
https://kaz.365info.kz/aza-ty-zh-jeli-t-rde-yryp-otyrdy-lt-a-arsy-3-genotsid-zhasaldy-zimbaj-ali-218431
«Алтаудың хатында» 726 мың шаруашылықтан 350 мың ғана шаруашылық қалғаны айтылады. Осы деректерде қазақтардың 1 миллионға жуығы босып кеткенін көрсетілген.

Қолымда Қытай шпиондарының Ресейге жіберіп отырған хаттары бар. Әрбір 10 күн сайын қытайлықтар Қазақстаннан келген адам санын тіркеп отырған.

Қаншама қандасымыз шекарадан өту кезінде қаза тапты. Оның нақты есебін ешкім білмейді.

1930 жылы 15 302, 1931 жылы 36 965 қазақ арғы бетке өткен. Әрине, Қытайға қазақтар арзан жұмыс күші ретінде керек болған. Екіншіден, 1930 жылдан бастап Қытайда паспорт беру басталған. Кімге беріп, кімге бермеу керектігін шешу үшін де олар қазақтардың санын анықтап отырған. Нақты дерек келтірер болсақ, 87 мың қазақ өткен, оның 60 мыңы Батыс Қытайда тұрған.

Ақшарқат Ахметбек
https://kaz.365info.kz/genotsid-ekeni-dausyz-asharshylykhkha-khatysty-bejmalim-derekter-anykhtaldy-grafika-263858

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз