Кеше Алматы төрінде жұлдызды жұп Аша Матай мен Арман Қоңыр тұңғыштары Асылымның тұсаукесерін дүркіретіп өткізді. Жұбайлар қыздарының тұсауын Сәкен Майғазиевке кестірсе, бүлдіршінді екі жағынан Қарақат пен Жазира жетектеп жүрді.
Дүбірлі тойдың суреттері мен видеолары Instagram желісінде жарияланды.
Тойға еліміздің өнер жұлдыздары қонақ ретінде келіп, әншілердің отбасына ақ тілектерін жаудырып, әннен шашу шашып кетті.
Асылымның атышулы тәтесі Баян Мақсатқызы да кенже қызымен қуаныштарын бөлісуге келіпті.
Ал өз кезегінде экранның ар жағынан бақылап отырған көрермендер ақ лебіздерін білдіріп жатты: “Әкесінің аузынан түсіп қалған. Тіл – көзден сақтасын!”, “Неткен тәтті балапан, көздері анасынан аумайды екен”, “Сүп -сүйкімді екен өзі, айнымаған Арман ғой”, -деп жазды олар.
Асылымның нағашы атасы тойда шөбересіне ақ батасын беріп, оның ғұмырлы болуын тіледі.