Нұр-Сұлтан
Қазір
24
Ертең
28
USD
427
-0.34
EUR
517
-2.12
RUB
5.91
-0.05

Асанов кімдерді ұялтты?

Қазір осындай жиырмадан астам прокурор істі болып жатыр.

Жалпы, Жақып Асанов қарамағындағылардың кемшілігін жасырған емес. Бас прокурор бұған дейін де құқық қорғаушылардың кәсіби деңгейі төмен екенін бірнеше рет жұрт алдында жариялаған. Экономикалық қылмыстарды тергеуге сауаты жетпейтінін және мүлдем кітап оқымайтындарын ашық айтып,, прокурорлардың былығын бетіне басқан еді.

Ал бүгін Асанов жиырмадан астам прокурордың істі болып жатқанын жариялады. Бас прокурор мұндай сұмдықты соңғы 15 жылда көрген емеспін  деп отыр. Барлығы пара алған. Ауызбастырық берсе қылмыскердің сөзін сөйлеп, тергеуді бұрмалай салады. Сөйтіп, әділдік іздеген талай жазықсыз жанды жылатқан.

“Мысалы, өткенде бір іс бойынша бір әріптесімізді әшкереледік. Осы пара алу жөнінде. Ол мойындап, мен айыппұл төлеуге дайынмын деп. Істі сотқа жібердік. 70 миллион ба есімде емес, айыппұл төледі”, – дейді Жақып Асанов.

Бас прокурор парақорлардың алыста емес, айналысында жүргеніне  өзі де таңырқап отыр. Ал істі болған құқық қорғаушылар енді ешқашан мемлекеттік қызметке орналаса алмайды. Қазір қылмыстық істердің барлығы  қағаз жүзінде қаралатындықтан, прокурорлар дәлелдерді қалай бұрмаласа да өзі біледі. Күдіктіден пара алуға да мүмкіндік мол. Тіпті кейде қылмыстық істер мүлдем жоғалып та кетеді екен.

“Мәселен, біреу бізге арыз жіберсе. Біз бас прокуратура істі сұратамыз. Ол іс екі апта жүреді почтамен. Сосын барып тергеуші ол барлық құжаттарын жібермейді. Өзінің кемшілігін жасыру үшін кейбір құжаттарын алып қалуы мүмкін. Мен онша сенімді емеспін. Кейбір фактілер, кейбір дәлелдер ана сейфінде қалып қойды. Оны қайдан білем мен?” – дейді Жақып Асанов.

Асанов осылайша қарамағындағыларға сенбейтінін ашық айтты. Бас прокуратура Қылмыстық кодекске, «Жедел іздестіру қызметі туралы», «Прокуратура туралы » заңдарға бірқатар өзгеріс енгізіпті. Жаңа құжатты Жақып Асанов бүгін Мәжіліске алып келді.

Заң жобаларын депутаттар бірінші оқылымда мақұлдады. Заң күшіне енсе, қылмыстық істер тек электронды түрде қаралады. Сонда белгілі бір істің кім қалай тергеп жатқанын тиісті орган қызметкерлері компьютер арқылы қарап, бақылап отырады. Жаңа базадағы мәліметтерді жәбірленуші мен күдікті де көре алады. Бірақ, барлық материалды емес. Кейбір тергеу құпия жүруі мүмкін. Сондай-ақ, Асанов  сандық жүйеге көшкен соң прокурорлар өзін Құдайда сезінетін  «аурудан»  да арылатынына сенімді. Жалпы былтыр 16 мың адамның қолына кісен салынған екен.

“Егер осы заң былтыр болғанда, онда 11 200-і  кемінде  70 пайызы 3 күн емес, 72 сағат емес, 48 сағат отыратын еді.  Ал енді жасы 18-ге толмағандарды алсақ, былтыр 204 жасөспірім ұсталды. Оның 80 пайызы – 166 жасөспірім 72 сағатқа емес, 24 сағатқа ұсталатын еді”, – дейді Жақып Асанов.

Мәселен, тергеушілер бұзақылық жасаған немесе өзге де заң бұзған адамның енді дүние-мүлкіне, жеке компаниясын тексеріп, тиіспейді.

Және күдікке іліккен кәсіпкерлерді бірден қамау, арнайы күзетпен қарауылдау сынды нормалар алынып тасталған. Ал қаржы пирамидасын құрып, адамдарды алдап соққандарға мұндай жеңілдіктің қатысы жоқ. Пирамида бизнеске жатпайды дейді прокурорлар. Сондай-ақ, соттың үкімі  шыққан соң, тергеушілер күдіктіні жасырын аңдығанын ескертеді. Егер азамат бұдан зардап шектім деп шешсе, арыздана алады. Жаңа құжатты Мәжіліс әлі екенші оқылымда қарайды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз