Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Асадтың әйелі Ұлыбритания азаматтығынан айырылуы мүмкін

Бұрынғы инвестициялық банкир Асма Асад Башар Асадқа 2000 жылы тұрмысқа шыққан. Ол Лондонда сириялық отбасында туған.

“Борис Джонсон басқа мемлекеттерді Сирия дағдарысын реттеуде көп нәрсе жасауға шақырды. Бірақ Ұлыбритания үкіметі Асма Асадқа я тағылық актілерді қорғаудан бас тарт, болмаса азаматтықтан айырыласың деуі тиіс. Егер Асма Асад режимінің қырғын салуын қорғаштай берер болса, онда Ұлыбритания үкіметі оны азаматтығынан айыруы немесе оның қызметі Ұлыбританияның өмірлік мүдделеріне айтарлықтай зиян келтірмейтінін білдіруі тиіс” деді Брейк.

Консервативтік партия депутаты Надим Захави де үкіметке осындай үндеу тастады.

“Башар Асадтың, сонымен бірге әскери қылмыс жасайтын пропаганда машинасының бөлшегіне айналған Асма Асад сияқты адамдардың әрбір сәтін бақылап отыратын уақыт келді” деді Захави.

41 жастағы Асма Асад әлеуметтік желілердегі жеке парақшасын күйеуінің үкіметін сынайтындарға қарсы пайдаланады. Том Брейк ішкі істер министрлігіне Асма Асадты азаматтықтан айыруға шақырып ресми хат жолдайтынын айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз