Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Қаржы жымқырған”. Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталды

Тергеудің мәліметінше, “Қазақфильм” АҚ-ның “Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS” ЖШС-ға фильмнің өндірісіне 79 миллион теңге бөлгені анықталған. “Оның 69 миллион теңгесін картина продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов жымқырған. Ол – “Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS” ЖШС-ның құрылтайшысы”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қаражаттың қосалқы мержігерлік ұйымдарда қолма-қол ақшаға айналдырылып, Тұңғышбай Жаманқұловқа берілгені айтылады.

Сонымен қатар, қаражат жымқыруға “Қазақфильм” АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Г.Ысқақованың және фильмнің атқарушы продюсері Н.Юдинаның қатысы бар екені дәлелденгені хабарланып отыр.

Айта кетейік, олар соттың санкциясымен қамауға алынған болатын.

b17f898d-ade9-48f3-950e-569ee949abdb_cx2_cy6_cw98_w610_r1_s_r1

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз