Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Facebook-тегі аккаунтымды өзім жүргізіп отырмын

113

Бірақ менің ойым бұған қайшы, жеке көзқарасы үшін адамдарға құрметпен қараймын, алайда балағат сөздер мен тіл тигізу деген маған ұнамайды. Атап айтқанда, барынша ашық болуға, өзіме немесе басқарып отырған министрлікке қатысты ұсыныстар мен сындарыңызға жауап қайтаруға уәде етемін»,-деп жазады Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сонымен қатар ол хабарламаларға жауап бермесе және Фейсбукте достыққа ұсыныстарды қабылдап үлгермей жатса, онда осы жайттарға түсіністікпен қарауға шақырды.

«Сіздердің сұрақтарыңызды ескере отырып, аккаунтымды өзім жүргізіп отырғанымды және бұл мен үшін алғашқы тәжірибе екенін нақтылағым келеді. Бүгін мен барлық пікірлерді оқып шықтым, алдағы постымда оларға жауап беруге тырысамын»,-деп атап өткен министр парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 26-қарашада Фейсбук әлеуметтік желісінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жеке парақшасын ашқандығы хабарланған еді. Екі күнге жуық уақытта министрдің парақшасындағы достарының саны қарқынды түрде артып келеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз