Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Абай Құнанбайұлы скрипкада ойнаған

212

Сәрсенбі күні өнер саласы бойынша Мемлекеттік сыйлық «Құнанбай» толық метражды көркем фильмі үшін авторлар ұжымы – Досхан Қалиұлы Жолжақсынов, Рустам Одинаев, Айдос Жұмаділдәұлы, Бектемір және Нұрсифат Рахымбайқызы Салықоваға берілген болатын. Осы кино төңірегінде әңгіме өрбіткен Мәдениет және спорт министрі Құнанбайдың ағартушылық қызметіне тоқталды.

– Құнанбай аға сұлтан ғана емес, ағартушы да болған. Абай, Шәкірім, Ақылбай сынды айналасындағы балалары мен туыстарына, скрипкашы маманын шақыртып, оқытқан. Абай жас кезінде скрипкада ойнаған, – дейді А. Мұхамедиұлы.

Айта кетейік, бұған дейін Абайдың үлкен ұлы Ақылбайдың сауықшыл, әнші, скрипкашы болғаны баспасөз беттерінде жазылған еді.

Ал Бауыржан Ердембеков өзінің «Абайдың әнші шәкірттері» атты мақаласында Құнанбай емес, Абай скрипкашы маманды шақыртып, айналасындағыларды музыкаға баулығанын жазады.

– Абай қасындағы аса талантты әнші-музыканттарды атағанда алдымен Мұқа Әділханұлы есімі айтылады. Сонау Халиолла қаладан келіп жүрген кездерде Абай ауылының ән мен күйін келтіретін Мұқа келе-келе Абай ауылындағы әншілер мектебінің ұстазына айналды. Музыка өнерін қаладан арнайы үйреніп келген Мұқадан Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Кәкітай, Тұрағұл, Әлмағамбет, Мұхамеджан, Өтегелді тағы бірнеше жастар домбыра, гармон, скрипка тартып, музыка тілін үйреніп шығады. Абайдың Мұқа сияқты талантты ауылына алғызуы сияқты өнегелі ісі өз шәкірттерінің өмір жолында да жалғасқан. Мәселен, Мағауия інісі Тұрағұлдың ән-күйге әуестігін біліп Семейден Яков деген скрипкашыны алдырып, ақы төлеп, Тұрағұлға скрипка үйреткен. Мұқаның талантын аса жоғары бағалаған Абай оны музыка саласында оқыту үшін Мәскеу, Петербор сияқты үлкен қалаларға жібермек болып, арнайы киім тіккізіп, жол жабдығын да дайындаған көрінеді, – деп жазады автор.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз