Нұр-Сұлтан
Қазір
-15
Ертең
-17
USD
524
-1.41
EUR
551
-1.85
RUB
4.93
0.00

Арыста сәні мен сәулеті жарасқан зәулім мешіт пен қарилар дайындайтын орталық ашылды

244
default

Бір мезетте 2000 адам құлшылық жасай алатын ғибадатхананың ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова, мешіт салуға атсалысқан кәсіпкерлер мен ақсақалдар және қала тұрғындары қатысты.

Осы бастамаға ұйытқы болған ментор, коуч Балқия Балтабайдың айтуынша, бұл Қазақстандағы ең үлкен қарилық медреселер. Медресе жыл сайын 300 қыз және 300 ұл – барлығы 600 қариды дайындайды.

Айта кету керек, бұл нысандардың құрылысына халықтың да қосқан үлесі бар. Балқия Балтабай осыдан үш жыл бұрын жинақ шот ашып, мешіт пен медресенің ашылуын қолдаған жұрт ақша жинап берген. Екі жарым жылда 2,5 млрд теңге жиналып, оның ішінде 100 млн теңгеге жуығын ментор өз қалтасынан берген. Сондай-ақ мешіт құрылысына Land Cruiser автокөлігін сыйға тартқан.

Медреселерде оқу, жату, тамағы тегін болады деп жоспарлануда. 9-11 сынып оқушылары үшін есігі ашылатын медреседе бар жағдай жасалған, оны тәмамдаған оқушылар 1 жылда қари атанатын көрінеді.

Салтанатты жиын ҚМДБ-ның төрағасы, бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлының қасиетті Құран Кәрімді тиләуат етуімен басталды. Әрі қарай, құрметті қонақтар рет-ретімен сөз алып, жүрекжарды лебіздерімен бөлісті.

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мешіттің салынуына үлес қосқан азаматтар мен кәсіпкерлердің ұйымшылдық көрсетіп, аз уақытта мешітті тапсырып отырғанына алғыс айтты. Жастарға имандылық тәрбие беріп, асыл дінімізді насихаттайтын құтты мекенге айналады деп сенім білдірді.

Жаңа мешітке діни басқарманың шешімімен «Хәзірет Әбу Бәкір әс-Сыддық» атауы беріліп, Бас мүфтидің бұйрығымен Берік Үйсінбаев имам болып тағайындалды.

Жаңа мешіттің мінәжат залы 1500 ш.м. құрайды. Құрылыс сәулеті ұлттық нақышпен тұрғызылған. Қала іргесінде, тоғыз жолдың торабында орналасқан ғибадатханаға әрқайсысы биіктігі 33 метр болатын төрт мұнарасы, үлкенді-кішілі 17 күмбезі орнатылған. Мешіттің тағы бір ерекшелігі мұнарасы – Мәдинеге, құбыласы Меккеге бағытталыпты. Үш қабаттан тұратын мешітте бір мезетте 2 мың адам құлшылық ете алады. Мұнда үлкен залға ілінген люстрада 99 жарықшам қойылған. Бұл Алланың  99 есіміне орайластырған. Бұдан бөлек, мұнда конференция залы, кітапханасы, дәрісханалар, бір үлкен әйелдер залы, неке және имамдар бөлмесі бар. Сонымен қатар 100 автокөлікке арналған автотұраққа орын бөлінген. Мешіт аумағында 150 кісіге арналған асханасы да қарастырылған.

Сонымен қатар, жаңа мешіт жанынан 300 балаға арналған «Әз Тәуке хан» қарилар дайындау орталығы (жатақханасымен), спорт кешені, тәлім беруші ұстаздарға арналған 6 қызметтік үй мен адал мейрамхана, сондай-ақ 300 орындық қыздар медресесі орналасқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз