Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

«Арықтай аласыз». 50 келі «лақтырған» 5 әйелдің тарихы

545

Рози Меркадо 2011 жылы қатты қайғырған. Баласы паралич болып, күйеуі тастап кеткен. Әйел стресстен тамақты одан сайын көп жей беріп, ақыры салмағы 185 келіге бірақ жетіпті. Мазақтың бәріне көніп жүрген еді. Бір күні әуежайда әуе компаниясының қызметкері Розиге «тым дәу екенсіз, екі орын үшін ақша төлеңіз» демей ме? Содан қатты ашуланған Рози шын ниетімен арықтай бастады. Бес жылдық диета, фитнес, жүгіру мен жаяу жүрудің арқасында 108 келі «лақтырыпты».

Женя Матери

Ресейлік Женя Матери 8 жасында гармондық ауытқуға душар болған: екінші сыныпта салмағы 70 келі, техникумға түскенде — 90, студент кезінде — 127 келі болыпты. Содан бір күні YouTube-тен арықтаған адамдардың тарихын көріп, мен кімнен кеммін депті. Дұрыс тамақтанып, спортпен айналыса бастаған. Майлы, тұзды, қуырылған нәрселерден бас тартты. Күн сайын жүгірген. Солай бір жылда 60 келіден арылыпты!

Дженнифер Гинли

Бұл қыздың салмағы бұрын 120 келі болыпты. Чипсі, фастфуд, қытайдың тамағы мен басқа тәтті тағамдардан бас тартып, 60 келіге арықтаған.

Алвин Рейн

Америкалық Алвин Рейннің салмағы бұрын 130 келі болған екен. Арықтамай жүре берер ме еді, бір күні жігітінен сөз естіпті: «қыз емес, дәу кесек қоқыс екенсің» депті. Намыстан жарыла жаздаған қыз бірден 60 келі лақтырды. Енді сол бұрынғы жігітіне іштей рахмет айтатын сияқты.

Лаура Мичетич

Мектеп мұғалімі Лаура Мичетичтің салмағы бұрын 140 келі болатын. Оны да бір күні «тым семізсің», деп жігіті тастап кеткен. Содан ол дұрыс тамақтануға көшіп, жеңіл атлетикамен айналысуға кірісті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз