Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Артыңды ашам…”. Байзақова өзін масқаралаған қызға қоқан-лоқы көрсетуде (видео)

Бұл туралы Nur.kz хабарлады.

 

«Біз ол кезде топтың қыздарымен бірге түрлі билер билейтінбіз. Мәселен брэк, гоу-гоу, стрип пластика сияқты билер. Стриптиз басқа би. Мен стриптизді ешқашан билемегенмін», – дейді Мәрияның өзі.

Мәрия 16 жасынан бастап түрлі жұмыстар істеген, 18 жасынан бастап билеуді қолға алған. Оның айтуынша, бидегі тапқан табысы студент қыз үшін жеткілікті болыпты. Көбінесе тапсырыстар бойынша билеген.

 

 

https://kaz.365info.kz/aruakhtan-khorykhsanshy-ajzhan-bajzakhova-abajdyn-anin-mazakh-khyldy-video-302005

Ол кезде Мәрияның клубта билейтіні туралы отбасы білмеген екен. Дегенмен студент қыз бұл жұмыста ұзақ тұрақтамаған, екі айдан соң билеуді қойған.

Мария:

«Алғашында билейтінімді үйде ешкім білмеді. Кейін анам бірінші болып біліп қойды, ағам да естіді. Анам әбден ұрысып, ағам екеуі үйге бір ай қамап қойды», – дейді.

Желі жұлдызының мамандығы – темір жол қызметкері. Бірақ әкесі: «Бұл қыз бала үшін ауыр жұмыс», – деген. Сондықтан Мәрия мамандығы бойынша емес, басқа салада жұмыс істеуде.

Ол қазір сән салонында бетәрлеуші. Бұдан бөлек желідегі парақшасында белсенді түрде жазба жазып, блогер ретінде өзін дамытуда.

Ол бірде атышулы Айжан Байзақоваға арнап өлең оқып, оны Instagram парақшасына салғаны сол-ақ екен, видео кездейсоқ желіде тез тарап, мыңдаған қаралым жинап кеткен.

 

 

 

https://kaz.365info.kz/ajzhan-mynyn-ne-zhalanash-zhyretin-zhas-peri-khazakhty-zherge-kharatty-18-279603

Өзі шығарған өлең жолдарында ол Айжанның бұл жүрісінің дұрыс еместігін айтып, Байзақ атасын туралы да сөз қозғайды. Осы видеодан соң Байзақова Марияға жауап ретінде оның осыдан төрт жыл бұрынғы түнгі клубта билеп жүрген суреттерін жариялайды. Мәрияның айтуынша, оған бұл суреттерді фанаттары тауып берген.

«Айжан Байзақова менің өлеңіме мән бермес еді. Бірақ мен оның атасына тиіскендіктен болар, маған жауап қайтарды. Ол менің суреттерімді фанаттары арқылы тауып алған болу керек. Себебі мен ондай суреттерімді ешқашан желіде жариялаған емеспін, оның үстіне мен қазір билемеймін», – деді.

Тіпті Мәрия Байзақованың парақшасынан өз суреттерін көргенде қатты таң қалғанын да жеткізді.

Осы оқиғадан соң Мәрияны Байзақованың Ақтөбедегі фанаттары мазалай бастаған. Желіде оған «сені ұрып кетеміз, тауып аламыз», – деген сияқты сөздер жазып қорқытқан екен. Тіпті Байзақовадан кешірім сұрап, видео жазуын талап еткен. Алайда, Мәрия қазір барлығы тынышталғанын айтты. Жас блогер Айжаннан бәрібір кешірім сұрамайтынына сенімді.

 

 

 

https://kaz.365info.kz/kokiregin-zhalanashtap-khazakh-khyzy-bajzakhovanyn-maskharasyn-shygardy-video-308341

«Айжан менің бұрынғы суреттерімді желіде жариялағаннан кейін, кезінде билегенім туралы барлық достарым, туыстарым, таныстарым білді. Бірақ әзірге әкем білмейді. Дегенмен, маған ешкімнің көзқарасы мен қарым-қатынасы өзгерген жоқ. Себебі, мен артық ешнәрсе істеген жоқпын. Мен тек қана ата-анама салмақ түсірмеу үшін, өз бетіммен ақша табуға тырыстым. Қазір де ешнәрсеге өкінбеймін. Тек барлығы бір күнде білген кезде ұялдым, бірақ өзімді өкінетіндей іс жасадым деп есептемеймін», – дейді Мәрия.

Мәрия қазір салонда жұмыс жасайды, болашақта осы саланы жалғастырмақшы. Сонымен қатар, қазақша блогер ретінде жұмыс жасамақшы.

«Келешекте жастарға қызықты түрлі тақырыптарда сөз қозғайтын боламын, қоғамға маңызды мәселелер туралы айтамын», – деп сөзін аяқтады Мәрия.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз