Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Аршавиннің жұбайы күйеуімен бірге көңіл көтерген қазақстандық модельге қоқан-лоққы көрсетті (видео)

Видеода Аршавин модельдің белінен қысып құшақтап жатыр. Осыған қарамастан өзін “күнәдан пәк” санайтын бикеш біреулер мені қорқытып жүр дейді.

Ольганың айтуынша түнгі сағат бірлер шамасында оның Instagram парақшасына Аршавиннің жұбайының атынан “біреу” жазып, футболшының жанында не істеп жүргенін сұраған.

Бикеш отбасылы еркектерге көңіл бөлмейтінін алға тартып, “Аршавин мені мүлдем қызықтырмайды”, – деп жауап береді.

https://www.instagram.com/p/BdsQEa3ggxn/?taken-by=100baksoff_

Алайда жазба авторы модельді балағаттап, “саусағыңды кесемін”, “есірткі сақтағаның үшін түрмеге қаматамын” деп қорқыта бастаған.

“Өзіңе-өзің ор қазып жүрсің. Мен сен туралы барлығын білемін деп жазды. Бірнеше күнен кейін әлгі аккаунт иесі өзін қауіпсіздік қызметінің адамымын деп таныстырды. Ол өзінің күйеуіне барлық қыздар ғашық деп санайды екен. Содан кейін жақында Алматыға келетінін айтып, маған сәттілік тіледі”, – дейді Ольга.

Желідегі қорқытулардан кейін Ольга көп ойланбастан бірден Андрейге жазып, мұның бәрін тоқтатуды сұрапты.

https://www.instagram.com/p/BdsL3adAxwv/?taken-by=100baksoff_

“Сол күні біз тек жақын достар болып кафеде отырдық. Кішкене ғана ойынымыз осынша шуға айналып кетеді деп ойламадым. Ешкімнің мені олай балағаттап, қорқытуға құқығы жоқ. Мен салауатты өмір салтын ұстанатын, жақсы ақша табатын қызбын”, – деді ару.

Ол өзінің Instagram парақшасында енді құқық қорғау органдары мен спорт комитетініне шағымданатанын жеткізді. Семенова Аршавиннің әйелімін деп таныстырған аккаунт жазбаларын телефонында сақтап қойыпты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз