“АрселорМиттал Теміртау” комбинатындағы цехтардың бірінде газ жарылысы болып, бір адам қатты күйіп қалды,-деп хабарлайды Today.kz ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Газ жандыру құрылғысымен жұмыс жасау кезінде газ бен ауа қоспасы жарылды. Нәтижесінде, 40 жастағы отқа төтепберуші маман дене күйігі жарақатымен Мақажанов атындағы жарақаттану және ортопедия орталығына жеткізілді. Оқиғаның себебі анықталып жатыр», – деді ведомстводағылар.
Мақажанов атындағы аурухана дәрігерлері оның II және III дәрежедегі күйік алғанын айтады. Денесінің 55 пайызы күйген.
«Жұмыскер хәл үстінде реанимацияда жатыр»,-дейді дәрігерлер.