Димаш Құдайберген Францияның “France 2” бағдарламасында өнер көрсетті.
Бұл туралы әншінің PR-директоры әрі досы Алпамыс Шаримов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды. Димаш Құдайбергенді Les années bonheur жобасының бас жүргізушісі Себастьян Патрик шақыртқан.
“Ол Димашты Интернеттен көріп, Франциядағы бағдарламасына арнайы құрметті қонақ ретінде шақырды. Бағдарламада Димашпен бірге әлемге танымал көптеген өнер жұлдыздары өнер көрсетті. Осы кеште LP Лаура да (Лаура Перголицци) ән айтатын болады”, – деп хабарлады ол.
“Францияның “France 2” орталық телеарнасындағы Еуропаның ең танымал бағдарламасы “Les années bonheur” кабаре шоуының құрметті қонағы боламын!
Әлемдік өнер жұлдыздары бір саxнада тоғысқан аталмыш кеш 6 мамыр күні Франция уақытымен 20:55-те болады, өткізіп алмаңыздар!!!”, – деген Димаш Құдайбергеннің өзі әлеуметтік желідегі жеке парақшасында. Сөйтіп ол осы бағдарламаның үзіндісі көрсетілген видеоны жариялады. Видеода көрермендердің қазақстандық әншінің өнерін ерекше ықыласпен тамашалап отырғанын байқауға болады.
https://kaz.365info.kz/megazhyldyz-dimash-kim-frantsuz-telezhyrgizushisi-khazakh-balasyn-nagradaga-ysyndy-video-255584
Айта кетелік, алдында
Le Mond басылымы „Қытайлық тележоба қазақтың шоуына айналды„ деген тақырыпта мақала жарық көрген болатын.
„Француз әнін тамаша орындаған Димаш Құдайберген Қытайда сенсация жасады„ деп жазылды бұл мақалада.
Осыдан соң Еуропаның көптеген елі Димашпен келіссөз жүргізуге шақырған. Сондай бір келісілген жоба – француздың кіл мықтыларымен өнер көрсету. Бірақ бұл дода емес, бұл жарқыраған жұлдыздар айналасына нұр шашып, көрермендерін бақытқа бөлейтін сәт болмақ. Ендеше оны жіберіп алмаңыздар!!!