Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Армяндар мықты ғой… Саргсянның құйрығынан бір тепті

«Саргсянның биліктегі “демі” осылайша үзілді…

“Артынан бір уыс топырақты” шаттана шашқан көпті көру, ұлт лидерінен әп-сәтте “ұлт изгойына” айналу — өлім емей немене…

“Елдің күші — селдің күші” екеніне сенбеген талай Саргсяндар құздан дәл осылай құлады, құлаған және құлай береді де…

Дүниенің бәрін сыртқы күшке телудің қажеті жоқ. Тірегіңе сену де — далбаса.
https://kaz.365info.kz/khazakhstannyn-kelesi-prezidentin-khandaj-khiyndykhtar-kytip-tyr-271086
“Халық қорғамаған басыңды қалпақ қорғай алсын ба?”.

“Саргсян сабағы” осыны көрсетті!

Қазақтар “ашып кеткен қамырды” әлі илеп отыр…

Армяндарың мықты екен! Саргсяныңды бес-бес жылдан он жыл билікте отырғызды.

Конституцияға өзгеріс енгізіп, билікте қалудың қитұрқы тәсілін ойлап тауып еді, құйрығынан бір тепті.

https://kaz.365info.kz/yshakhtary-dajyn-tyr-bilik-auyskhanda-bygingi-elita-shetelge-khashady-294100
Олар “ашып кеткен қамырдың” нан болмайтынын ұқты, ұққан соң, 160 мың адам көшеге шықты.

“Арменияға бейбіт “соғыс” келді, соғыстың соңынан орыс келді ме, Сорос келді ме” деп бал ашудың жөні жоқ. Себебі,

Саргсян билік еткен 10 жылда экономика стагнацияға ұшырады. Халықтың 10 пайызы бас сауғалап шетке кетті. 30% ел кедейшілік қамытын киді.

Ел басқару тетіктерін жақын достар мен туыстарға бөліп берді, оппозицияны қудалады, тұрғындардың құқығын таптап еді, ақыры мынадай болды.

Айтпақшы, “мен қателестім” деді Саргсян.

Шеруге шыққан 160 мыңнан қорқып кеткеннен айтты ма, әлде, қателігін түсініп толқып кеткеннен айтты ма? Іші білер…».
https://kaz.365info.kz/bylaj-bolady-tanymal-sayasattanushy-nazarbaevtyn-bilikti-kimge-khaldyratynyn-ajtyp-berdi-247942

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз