Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
424
+1.83
EUR
497
+0.08
RUB
5.57
+0.04

Арменияда наразылық акциясы өтті

Митингке қатысушылар құқық қорғау органына нақты әрекет етуді немесе заңдық қызметтерінен бас тартуды талап етті. Армения полициясы 17-шілдеден бастап Хоренаци көшесінде лаңкестікке қарсы шара өтіп жатқанын мәлімдей отырып, митингке қатысушыларды сақтыққа шақырады„ делінеді алдын ала таратылған хабарламада.

Армения билігі 17 шілдеде Еревандағы полиция ғимаратын басып алып, адамдарды кепілдікке алған «Құрылтай парламенті» қозғалысының белсенділерімен келіссөз жүргізіп жатыр. Олар «Құрылтай парламенті» қозғалысының үйлестірушісі Жирайр Сефилянды және бірнеше әріптестерін босатуды талап етіп жатыр.

Полиция бөлімшесіне шабуыл кезінде потрульді-пост қызметінің басшы орынбасары Артур Ваноян қаза тауып, үш полиция қызметкері ауыр жараланған. Кепілде 6 полицей, олардың ішінде Армения полициясының төраға орынбасарлары Вартан Егиазарян мен Валерий Осипяндар бар.

«Құрылтай парламенті» болған оқиғаны «үкіметті орнынан кетіру» және «саяси тұтқындарды босату» мақсаттарының басы деп атады. Алайда ресми билік мұны мемлекеттік төңкеріс әрекеті деп санамайды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз