Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Әріптестікке әзірміз”. Өзбекстан Қазақстанның ғарыш саласындағы жетістігін жоғары бағалады

101

«Қазіргі таңда ресейлік Роскосмоспен бірлесе отырып, ғылыми маңызы бар зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар алдағы уақытта «Бәйтерек» зымыран кешенін де іске қосуды жоспарлап қойдық.

Осының арқасында Қазақстан ай сайын бір жер серігін ғарышқа ұшыра алатын мүмкіндікке ие болады.

Еліміз «Байқоңырды» жаңарту мен кеңейту шараларына қаржы бөлуді әрі қарай да жалғастыра беретін болады», — деген еді Асқар Мамин Қазғарыштың 25 жылдығына арналған ауқымды форумда.

Осындай іргелі істердің жүзеге асып жатқанын көріп отырған көршіміз Өзбекстан ғарыш саласы бағытында  Қазақстанмен арадағы ақпараттық байланысты дамытуға ниетті екенін айтып отыр. 

Өз кезегінде өзбекстандық ғалымдар Қазақстанның ғарыш саласындағы жетістігін жоғары бағалауда.

Нақтырақ айтар болсақ, ала тақиялы ағайындыларды еліміздің жерді қашықтықтан зондтау жүйесі ерекше қызықтырып отыр екен. Бұл туралы Ақпараттық технология және коммуникацияларды дамыту министірлігінде өткен кездесуде егжей-тегжейлі айтылды.

Әріптестікке мүдделі тараптар ғарыш саласындағы өзара жоғары технологиялар мен бағдарламалық жабдықтау және маман дайындаудағы іскерлік байланысты одан ары нығайту жайын талқылады. 

Өзбек ағайынның Қазақстанның жерді қашықтықтан зондтау жүйесіне қызығушылық танытып отырғаны бекер емес. 

Осының алдында ғана Асқар Мәмин жерді қашықтан зондтау жүйесінің мәліметтерін Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі тұрақты түрде қолданып отырғанын айтқан.

“Бірақ, бұл аздық етері анық. Біз еліміздің ғарыш саласындағы әлеуетін одан ары дамытатын боламыз. Мұның бір жолы – әріптестік. Неге десеңіздер, ғарыш технологиялары кез-келген экономикалық-әлеуметтік дамуына айтарлықтай үлес қосатын маңызды фактор», — деген еді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары өз сөзінде.

Қазақстан мен Өзбекстанның ғарыш саласындағы әріптестігін дамытуға арналған кездесуде сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында елдегі атқарылып жатқан ілкімді істер сөз болды.

«Қазақстанның кеден, денсаулық сақтау, зейнетақы жүйесі мен пошта байланысындағы бірыңғай ақпараттық технологиялардан үйренеріміз көп», – деді Өзбекстан өкілдері.

Шарада өзара тәжірибе алмасу мен келешекте ортақ IT саябақтар құру мәселесі де көтерілді.

 Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаевтың айтып өткеніндей, ғарыш саласындағы, соның ішінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы мен Өзбекстанда қолға алынған инновациялық технологиларды дамыту әдістері, Орталық Азиядағы екі ірі мемлекетке ортақ ақпараттық платформа құруға мүмкіндік береді.

“Бұл мемлекеттік деңгейдегі қолға алынған жобалардың жүзеге асуына негіз болады. Сонымен бірге бизнес қауымдастықтардың арасында ортақ ақпараттық кеңістік құруға мүмкіндік береді”, – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз