Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Әрине, үйіме апарам!”.Левит Тищенконы қонаққа шақырды

Өз сұхбатында боксшы Тищенконы өзге қарсыластармен бірдей көретінін, ешкімді бөліп жарып қарамайтынын атап өтті. Сондай-ақ ол ресейлік боксшыны кездейсоқ кездесіп қалған жағдайда, оны қонаққа шақыратынын айтты.

«Біз, қазақтар – қонақжай халықпыз ғой! Әрине, оны үйге шақырамын.

Бұл қалыптан тыс жағдай емес», – деді ол.

https://kaz.365info.kz/washington-post-levit-zhe-ui-kerek-edi-tishhenkony-zhe-isi-a-yl-a-syjmajdy-220687

Левит Халықаралық олимпиада комитетінің Тищенко екеуінің арасындағы жекпе-жекті қайта қарайтыны туралы ресми мәлімдемесіне аса мән бермейтінін жеткізді.

«Мен бұл туралы оқыдым. Бірақ аса қатты мән бермедім. Қайта қараса – қарар, болмаса – жоқ. Қазір басымда басқа нәрселер тұр: жаңа маусым басталды. Жаңа жыл, жаңа мақсаттар қойып отырмыз, жаттығудамыз. Қазір тек осы туралы ойлаймын. Ар жағын бір Құдай көрсетер», – деді ол.

Спортшы 2018 жылдың 18-тамызы мен 2-қыркүйегі аралығында Индонезияда өтетін Азия ойындарында бой көрсетуі мүмкін.

https://kaz.365info.kz/to-aev-levitti-k-misi-altynnan-arda-ty-220794

Ал негізгі мақсаты –

2020 жылғы Токио Олимпиадасына қатысу.

https://kaz.365info.kz/aiba-diletsizdik-zhasa-an-levitke-altyn-medaldi-ajtar-aly-zhatyr-221057

Сондай-ақ ол әуесқой бокста қалу шешімі туралы айтты.

«Оған еш өкінбеймін. Болары болды.

Өз жолымды таңдадым. Кәсіпқойлардың қатарына қосылғым келеді.

Қиын емес пе?, деп сұрасаңыз. Кез келген мамандық қиын. Бірақ белгілі бір жағдайларға, себептерге байланысты кәсіпқой бокстағы карьераны таңдадым», – деді Левит.

Бұдан бөлек, ол Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында 5-мамыр күні өтетін реваншқа қатысты пікірін білдірді.

«Бокста, оның үстіне, мынадай айқаста қандай да бір болжамдар жасау қиын. Нақты ештеңе айтпаймын. Бірінші жекпе-жек тамаша өтті. Маған ұнады. Менің қарапайым пікірім: жеңісті біздің боксшыға берер едім», – деді спортшы.

https://kaz.365info.kz/tishhenko-altyn-medaldi-ma-an-ajtaryp-berse-ony-almas-edim-levit-222447

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз