Зимбабвенің кәрі президенті Роберт Мугабе қызметінен кетіпті, деп жазады Лайф.
Мугабе негізі «өлсем де кетпеймін, халық мені қолдайды», деп қасарысып отырып алған еді.
Бірақ ел парламенті президенттің импичментіне кірісіп кеткен.
Парламент кәрі президентке «24 сағаттың ішінде өз еркіңмен кетпесең, импичмент жасап, масқара қылып кетіреміз», деген талап қойды.
Импичменттен қорыққан президент ақыры өз еркімен тақтан түсіпті.