Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Арам пиғылды риелторлардың айласына түсіп қалмау үшін не істеу керек: сот залынан алынған мысалдар

243

Бұл істердің барлығы риелторлық қызмет көрсету ережелерін заңнамалық түрде бекітетін уақыттың келгенінің тағы бір дәлелі, дейді лиганың заңгері Азиз Нұрсеит. Заңда бәрі егжей-тегжейлі жазылуы керек, оның ішінде риелторлар келісімшартқа қандай шарттарды енгізе алмайтыны да көрсеткен жөн: бұл айыппұлдың екі еселенген мөлшері, келісімшарттан шығуға тыйым салу және басқа да түрлі айла-амалдар.

— Қазір жекелеген риелторлар өз клиенттерін көрінеу қолайсыз жағдайға қалдырып, оларға өте қолайсыз шарттарды енгізеді, — дейді ҚТҰЛ заңгері.

Клиентті қалай алдайды

Ол арам пиғылды риелторлардың схемасының түрлері туралы айтып берді:

Жағдайлардың бірінде сатуға қойылған пәтерді қарау кезінде риелтор клиенттерге қарапайым заңды формальдылық деп түсіндіріп, қызмет көрсету шартына қол қоюға көндірген. Заң тұрғысынан сауаты болмаған  адамдар құжаттарға қарамай қол қоя салған. Ал кейіннен риелторларға ақша беру керек екені белгілі болады!

— Осылайша, «Косаева» ЖК-сінің риелторы келесі схема бойынша әрекет етеді:  пәтерді көрсеткені үшін клиенттен сыйақыға көп ақша  талап етеді. Осы мәміле бойынша 422 мың теңге (!). Бірақ ешқандай сатып алу-сату шарттары мен кепілақша болмаған! Клиент өз тарапынан шарттан бас тарта алмайды. Себебі онда сатып алудан бас тартқан жағдайда, ол бұл соманы екі есе мөлшерде төлеуге міндеттеледі деген шарт бар. Тіпті ешқандай қызмет көрсетілмесе де! Мұндай шарттар әлеуетті сатып алушының құқықтарына нұқсан келтіреді.

Алдағы уақытта тұтынушылардың мүдделерін қорғау үшін «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының №8-1-бабында осы шарттарды жарамсыз деп тануға тырысамыз.

Тағы бір жағдай: риелтор өз клиентінің жылжымайтын мүлік иесімен кездесуіне кедергі келтіреді. Ол өзін сатушының атынан әрекет етемін деп таныстырып, мәміле туралы ақпаратты жасырады және бұрмалайды.

— Ол клиентке қандай жағдай болмасын пәтер иесіне сыйақы сомасын айтпаңыз дейді. Ал кейіннен оның тараптарға түрлі соманы атағаны белгілі болды. Бұл тәжірибе өте кең таралған.

Мүлдем басқа жағдай. «Деметра» ЖК-сінің риелторы жылжымайтын мүлік сатушысымен шарт жасамай-ақ пәтерлерді көрсеткен. Сонымен қатар, ол өзін пәтер иесінің ресми өкілімін деп таныстырып, сыйақы туралы келісімге қол қоюды талап етеді.

— Көбінесе риелтор  пәтер иесі мен пәтердің өзін клиент әкелген күні ғана көреді. Барлық жағдайларда адамның сауатсыздығы себеп болып жатады. Адамдар құжатты соңына дейін оқымай-ақ, үнсіз қол қойып, кейін өздері зардап шегеді.

Риелтормен қалай сөйлесу керек

Риелтормен жұмыс жасамас бұрын, жауапкершілік туралы келісімге қол қою керек, деп есептейді ҚТҰЛ басқарма төрағасы Светлана Романовская.

— Біріншіден, құжаттың барлық мәтінін  асықпай оқып шығу керек. Егер сізге кейбір нақты шарттар ұнамаса, олардың қасына «Келіспеймін» деп жазыңыз. Арасында бос беттер қалып қоймасын.

Риелтордың қызметінің ақысын орындалған жұмыс актісін жасағаннан кейін ғана төлеуіңіз керек. Бұл құжат Агенттіктің белгілі бір жұмыс көлемін орындауы керек екенін білдіреді. Талаптарыңыздың бірі орындалмаса, актіге қол қоюдың қажеті жоқ. Бұл сіздің риелторларға ештеңе қарыз емес екеніңізді білдіреді.

Және ең бастысы,

кез келген құжатқа асығыс қол қоймаңыз, бұлай жасауға болмайды! Алдымен бәрін мұқият оқып шығу керек!

Сізді асықтыратын болса, құжатпен танысқым келеді деп жауап беріңіз. Қажет болса заңгердің кеңесін алыңыз. Бұлай болмаған жағдайда  сіз риелторлардың алаяқтық схемаларының құрбаны болуыңыз мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз