Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Арам ойлы аға, желіккен жеңге көбейді”. Белгілі ақын қазақтардың дарақылығын сынады

398

“Әй, дейтін әже мен қой, дейтін қожаның” ауылы алыста қалды… Көшеге шықсаң көзіңді, дыбыс шықса құлағыңды қоздырушы ақпаратты алып кеп, қу жүрекке құйып жатыр… Ақылға бағынатын ағза қалмады. Бұзылған жүрек пен құтырған нәпсінің қалауын орындап шауып бара жатқан жұрт… Дарақы отырыс, даңғаза әуен билеп тұр, бізде…

Арам ойлы аға, желіккен жеңге көбейді…

“Құдашадан құр қалма” деп, әзілдегендердің бүгінгі ұрпағы сәбиге көзін сүзіп отырған сұмдар мен ағайынына асылатын азғындарды өсіріп шығарды… “Құдайдан қорықпағаннан қорық” деген ел едік. Алладан алыстадық па…? Дәстүрден жырақтадық па…? Тәрбиені тәрк еттік пе…?

Әлемнің үрдісін үйреніп аламыз деп жүргенде, жамандық үлгісіне иленіп бара жатқандаймыз.

Аллаға сиынып, отбасылық құндылықтарды құнттап, садақа беріп, сауап іздемесек, жамандық жар астында, бәле қыр астында. “Мүминнің ақысын Құдай жемейді” деген. Адал құлдарына Алла пана болсын!!!”, – деп жазады Мұхамеджан Тазабек Facebook-тегі жеке парақшасында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз