Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-13
USD
424
+1.47
EUR
506
+2.47
RUB
5.59
0.00

Аралда апатты үйлердің тұрғындары жаңа баспанаға ие болды

Сондай-ақ, Арал қаласында Аралтұз көшесіндегі 8 пәтерлі екі қабатты тұрғын үй де апатты жағдайда болатын. Жоғарыда аталған  27 отбасымен бірге бұл тұрғын үйдің иелеріне де жаңа баспана беріледі. Осылайша, Арал ауданындағы апатты үйлер мәселесі толық шешімін тапты.

Жақында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов тұрғындарға жаңа үйдің кілттерін табыстап, қоныс тойларымен құттықтады.

«Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде мемлекеттік саясаттың басты мақсаттарының бірі әрбір қазақстандық отбасыны жеке пәтермен немесе жеке меншік үймен қамтамасыз ету екендігін атап өткен болатын. Аймақ басшысының жедел әрекетінің нәтижесінде, облыстық бюджеттен 310 млн. теңге қаржы бөлініп, 24 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, бүгін тұрғындарға пайдалануға берілгелі тұр», – деді Руслан Рүстемов.

Жаңа қонысқа ие болған тұрғындарды Арал ауданының құрметті азаматы Биғали Қаюпов та құттықтады. Жаңа үйдің кілтін алған Оразкүл Лашынова аймақ басшылығына тез арада мәселені шешіп бергені үшін алғыс білдіріп, жаңа үй иелірінің қуанышын жеткізді.

«Біз ескі үйімізде 20 жылдан астам өмір сүрдік. Үйіміз құлаған кезде, алдымен қиын болды. Бізге барлық жағынан көмектескен қамқор жандарға рақмет. Қиын сәтте қолдау көрсеткен аудан және облыс басшылығына  ерекше алғысымызды айтамыз», – деді Оразкүл Лашынова.

Апатты үйдің тұрғындары үшін Кіші Арал көшесінде 27 жаңа үй пайдалануға беріліп отыр.Жаңа үйлердің маңында Ә.Нұрпейісовтің шығармашылық үйі, Мемлекеттік рәміздер аллеясы, балаларға арналған ойын және спорт алаңдары орналасқан. Әр үйдің аумағы 60шм және бұл баспаналардың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған қосалқы учаскелері бар. Барлығына жарық жүргізіліп,  су тартылған.

Сондай-ақ, мердігер компания өз қаржысы есебінен табиғи газ жүргізіп, көгілдір отынмен жылытатын пеш орнатып, «Отау ТВ» жерсеріктік телевизиясына қосып берді.

Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов жаңа үйлердің жанындағы  балаларға арналған ойын және спорт алаңдарының ашылу салтанатына қатысты.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз