Көрші пәтерде бір ағай тұрады. Қажы! Ара-тұра әңгімесін ести қалсаң, «мен әулиемін» деп қоятыны бар. Қажылықа бір емес, екі рет барған.
Бірақ ол кісінің сөзі басқа, жасайтын тірлігі басқа.
Қажылыққа барып келген соң бір-екі ай тып-тыныш ыздиып жүреді. «Ойпырмай, неткен керемет адам», деп ойлап қаласың.
https://kaz.365info.kz/aza-zhigitteri-t-sekte-au-arsyz-246615
«Қажылықтан алып келген зәмзәм су деп, көршілеріме кранның суын құйып бергем», дегені бар. Оны бірде арақ ішіп алып, көкіп отырған жерінен көршілер естіп, жағасын ұстаған.
Аузы толы боқтық. Өтіп бара жатқан қыз-келіншекке ысқырып, тиісіп тұратын әдеті тағы бар.
Естуімізше, көрші үйдегі күйеуі жоқ орыс келіншекпен көңілдес көрінеді. Әйтеуір, үйінде жанжал шыққан сайын әйелі «сол орыс қатыныңа барып кіріп ал», деп сілеп жатады.
Онымен қоймай, әлгі ағамыз жұма күндері «күнәмді жуып қайтайын» деп мешітке кетіп бара жатады.
Діннің де, қажылықтың да қадірін кетіріп жүрген осындай көршім бар.
https://kaz.365info.kz/tyrmystagy-kelinshek-bastygymen-tosektes-bolganyn-ajtty-261582
Және бұл біреу болса бір сәрі ғой! Мұндайлар өте көп. Жұмыстағы басшымыз да осының ар жақ-бер жағындағы адам.
Ол да қажылыққа барған. Жұма сайын мешітке бара жатады. Бірақ оның да сөзі басқа, тірлігі басқа.
Жиналыс жасаған сайын «Мен тазамын. Құдай көріп тұр» деп, сұқ саусағын аспанға безеп сөйлейтіні бар. Бірақ, бірақ… Оның қандай адам екенін ұжым біледі ғой! Құдайды қосып сөйлегенде пәк болып қала ма екен, таңым бар.
Жалпы, қай ортаға барсаң да, Құдайдың атын жамылып сөйлейтіндер қазір көбейіп кетті. Береке берсін.
https://kaz.365info.kz/arsyz-ajelinin-kesirinen-dosymnyn-betine-kharaj-almaj-zhyrmin-268357
Қажылыққа барып келіп, шатпақтап естеліктер жазатындар да көп. Мұны жаман деуге болмас. Бірақ ішінде іліп алар ғибратты бір нәрсе болуы керек қой? Солардың «бардым, көрдім, қайтып келдім» дегеннен аса алмайтындары көп-ақ. Иә, масқара ғой. Солардың көбісі қажылыққа барып келген соң өздерін керемет бір әулие сезініп кете ме, күпсініп сөйлейтіндері бар. Өздерін әулиеге теңеп, «пәленше әулиенің көргендері, түгенбай әулиенің жазбалары», деген сияқты шиырға толы бірдеңелерін басып, шығарып жатады. Тіпті жақында қонақта отырған үйден «Қоңыр әулиенің жазбалары» деген кітапсымақты көрдім. Қажылыққа барған біреу көрінеді. Сонда
қажыға барғанның бәрі өзін әулие сезіне берсе не болады? Онда Қазақстанды «әулиелер елі» деп атай салу керек шығар?!
Әулие деп кез-келген адамды атамайды. Орны ерек, жөні бөлек, ерекше қасиет біткен адам ғана әулие болса керек.
Ал өзін әулиемін деп жарнамалап жүргендердің бәрі бос кеуделер, әулиеден садаға кеткірлер. Ашығы осы.
Басында мысалға келтірген көрші ағайға бірде: «аға, бұл жерде тек қазақтар ғана тұрмайды. Орысы, кәрісі, ұйғыры, немісі бар, қаншама адам тұрады. Сіз солардың алдында дінімізді масқаралап, қажылықтың қадірін кетіріп жүрсіз. Ұят емес пе? Қойыңыз!» дегенмін.
«Қарындасым, басымды қатырма, маған бәрі жарасады» деп қолын бірақ сілтеді.
Не дейін? Өзіңіз біліңіз деп, бұрылып кете бардым. Міне, осындай қажылықтың да, әулиеліліктің де қадірін кетіріп жүргендер бар.
https://kaz.365info.kz/symyraj-khyz-eken-yzhymyzdy-bastykhtyn-ojnasy-baskharady-259615
Шолпан Бақтығалиқызы