Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қараңыз. Алматыда көліктердің нөмірін ұрлап жүрген мына жігіт екен

22 жастағы Алматы тұрғыны түн ортасында тұрғын үйлер кешені маңын торуылдап, „жұмысын„ атқарған. Ол көліктің мемлекеттік нөмірін шешіп алып, оқиға орнына хат қалдырып отырған.

«Хат А-4 парақшасында жазылған. Онда ол мемлекеттік нөмірді қайтарып алудың жолдарын келтіреді. Хат соңында мұны жақсылық жасағысы келгендіктен жасап отырғанын жазады. Алайда біздің тергеушілер жүргізген жұмыс нәтижесі көрсетіп отырғандай, жұмыссыз жігіт заңсыз жолмен тапқан ақшасын өз қажеттілігіне пайдаланып отырған.

Біздің аудандық сотқа дейінгі тергеу жұмысы бұл азаматтың осындай 22 қылмысқа қатысы барын анықтап берді. Оның 4 жағдайында адамдар қылмыскердің айтқанын істеген. Ал қалғандары полицияға хабарласып, дұрыс әрекет қылған. Бұл ретте үнсіз қалуды жөн санаған азаматтар мұнымен жеңіл жолмен ақша тапқысы келетіндердің жолын аша түсесіздеп деп ескерткіміз келеді», – дейді Бостандық аудандық ішкі істер басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Берік Әбілбеков.

Полициядағылардың нақтылауынша, қазір ұсталған азамат уақытша ұстау изольяторына тоғытылған. Бұл азаматтан зардап шеккендер болса, мына телефонға хабарласу сұралады: 254-47-00 и 254-47-01.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз