Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-19
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Қарақат Қыдырәліге тоқал алып берем деді

254

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды

“Мен жалпы өнерде де, өмірде де жолы болған адаммын. Өз бақытымды мақтану үшін емес, сезімнің құны кеткен заманда кейінгіге үлгі болсын деп айтамын. Рас, менің ерім үлгі тұтуға лайық азамат! Оның қазақ мәдениетiне сіңірген еңбегін, ұлтына деген махаббатын, отбасына деген адалдығын, маған деген құрметін, балаларына деген ықыласын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Алла бұйыртып 11 жасымда Алматыға келдім. Алғаш рет 18 жасымда ғашық болдым. 3-4 жыл бiрге жүрiп бiр арам пиғыл көрсеткен емес. Сөйтіп? жүріп махаббат әлемінің есігін ашқызып, өзiне ғашық еткен нағыз ер азаматқа тән өр мiнез, ешкiмге ұксамайтын өзiне ғана тән болмысы, тектiлiгi еді”, – деп Қарақат Әбілдина жолдасының барлық жақсы қасиетін жіпке тізді.

Ары қарай “Шынайы сезіммен қосылдық, отбасы ошақ қасы үшін жаралған әйелсің, үйде отыр десе де көнер едім, бірақ жұрттың алдына шығуға лайықсың деп жарқыратып алып шықты. Қайда барса да қасынан бір елі тастамай Қақатым деп еркелетуден бір жалыққан емес. Қыдекең өсек-аяңнан қашан да биік болды, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай қорғап, қолдап келедi. Дүниенің біз баспаған жері жоқ, талай төрде қонақ болдым, жарымның аялы алақанында еркелеп жүріп төрт баланы дүниеге әкелдім. Асыл азаматыма деген шексіз құрметімді жазып жеткізе алмасым анық”, – деген Қарақат, жарына қандай сыйлық жоспарлап отырғаны туралы ойымен де бөлісті.

“Бүгінгі мерейлі туған күніне не сыйласам екен, қалай қуантсам екен, ырзалығымды қалай білдірсем екен деп көп ойландым.  Жалпы, жақсы жар табу Алланың ең үлкен нығметі ғой, ал енді Қыдырдай ердің еріне жар болуды армандайтын бойжеткендер аз емес. Осы жағын ескере келе мен азаматымның алтын басын құрметтей отырып, басымды ие отырып,

Алла разылығы үшiн екіншi әйел алып бергенiм дұрыс болар, деп шешiп отырмын.

Кешегі Құнанбайлар секiлді бiр отбасын ғана емес, бiр әулеттiң тiпті бір қауымның жүгiн көтеретiн сенде қажыр-қайрат жеткiлiктi. Сен бастаған тiрлiктiң берекесiз аяқталған кезі болған емес. Оқырмандарым, түсiнбей калған шығарсыздар? Альхамдулиллах! Бiзде бәрі жакқсы! Иншалла жақсы болады да. Туған күнiңмен жаным!” – деп Әбілдина жұрт алдында сүйіктісіне тоқал алып беретіндігін айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз