Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
1
USD
426
+0.41
EUR
495
+0.06
RUB
6.14
+0.08

Қарағандылық студенттер Универсиада алауын домна пешінен жағады

Оның айтуынша, іріктеуде кандидаттың оқудағы, спорттағы, қоғамдық өмірдегі жетістіктері, азаматтық позициясы ескеріледі.

Жоспар бойынша, Қарағанды облысында Алау эстафестасы 2017 жылы 26 қаңтарда облыс орталығында және Теміртау қаласында өтеді. Бағыттың ұзындығы – 12 шақырым. «Рәсім Теміртау қаласындағы металлургиялық комбинаттан бастау алады.

Президенттің қызметтес серігі мен Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттері

алауды домна пешінің жалынан жағады.

Сонымен қатар, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, тау-кен факультетінің студенттері шахтаға түсіп көмір алады, оны

«Қарағанды Арена» мұз сарайына Алаудың негізгі тостағанына әкеледі», – деген Н. Сухорукова шара сценарийімен таныстырды.

Салтанатты митингтен кейін эстафета Қарағандыға бағыт алып, Мұз сарайында аяқталады. Оқиғаның шарықтау шегі ресейлік мұз балеті әртістерінің қатысуымен өтетін мерекелік шоу болмақ.

«Мұз аренасында домна пешінен алынған алау мен студенттер әкелген көмір біріктіріліп, негізгі тостағандағы алау жағылады», – деп толықтырды спорт басқармасының жетекшісі.

Универсиадада Қарағанды облысынан 14 спортшы шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, конькимен жүгіру спорты, мәнерлеп сырғанау, биатлон секілді спорттың бес түрі бойынша сайысқа түседі.

28-ші бүкіләлемдік қысқы Универсиада Алматыда 2017 жылдың 29 қаңтарынан 8 ақпанына дейін өтеді. Әлемнің 56 елінен келген 2 мыңға жуық спортшы сынға түсетінін растады.

Алау эстафетасы республиканың барлық облыс орталықтарында өтеді. Алау эстафетасына еліміздің ең үздік 1 000 студенті қатысады. Әр өңірдің өз Алау жағу рәсімі өтеді деп жоспарлануда.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз