Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қарағанды облысында көпқабатты үй опырылып, тұрғындар мерт болды (фото, видео)

133

Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, үйінді астынан көз жұмған 9 адамның денесі аршып алынды. Оның үшеуі – ер адам, үшеуі – әйел, үшеуі – бала. Баланың біреуі – 2016 жылғы, екіншісі – 2010 жылғы.

Әлеуметтік желіде опырылған үйдің үйінді астынан бір ер адам тірідей табылғандығы туралы видео да пайда болды.

Үйінділерді тазартуға 280 адам жұмылдырылған, олардың қатарында құтқарушылар, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық жәрдем бригадасы, Ұлттық ұланның 52859 әскери бөлімінің ауыр техникасы және жеке кәсіпкерлер бар. Сонымен қатар, Қарағанды облысы Шахтинск қаласына қарасты Шахан кентіндегі тұрғын үйдің құлау оқиғасына қатысты Шахан кенті әкімдігі қасынан шұғыл желі ашылды: 8 (72156) 3-24-17.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз