Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қарағанды облысы диқаншыларының өнімі Орталық Азияға экспортталады

Бұдан басқа, облыс зығыр экспорттайды. Биылғы жылдан бастап Біріккен Араб әмірліктеріне қой экспорттау жолға қойылды. Алдағы уақытта бұршақ тұқымды дақылды шетелге жеткізетін болады.

«Биыл диқаншылар рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. 1 млн тоннадан астам астық бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 14 центнерді құрады. Бұл облыс тарихында рекордтық көрсеткіш, – деді өңір басшысы. – Абай ауданы шаруашылығын гектарына 20 центнер өнімімен, Осакаров, Нұра аудандарының шаруашылығын гектарына 14 центнерден астам өнімімен құттықтаймыз».

Картоп өнімділігі де жоғары болды.

«Саланың дамуына мемлекет қолдау көрсетті. Биыл облыс аграршылары субсидия түрінде 9,5 млрд теңге алды, оның ішінде 1,5 млрд теңге салынған инвестиция шығынын жабу түрінде шаруашылыққа төленді», – деп атап өтті Әблібеков.

«ҚазАгро» холдингін дамыту институттары ауыл шаруашылығы мамандарына сомасы 6,1 млрд теңге жеңілдікпен кредит берді.

Ауылда жұмыспен қамту және бизнесті дамыту үшін ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы мемлекеттік бағдарламалар аясында 1 млрд 850 млн теңге жіберілді. Салтанатты жиында облыс әкімінің грамоталары, ведомстволық наградалар – «Еңбек ардагері» медалі, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі», «Еңбек даңқы» төс белгісі, ҚР ауылшаруашылығы министрінің грамоталары табыс етілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз