Қарақалпақстанның Нүкіс ауданында қолма-қол ақшаның жоқтығы салдарынан мектеп мұғалімдеріне айлықтың орнына тауықтың балапандарын беріп жатыр. Ол аздай, балапандарды мұғалімдерге базардағы құнынан екі есеге жоғары бағалап береді екен. Ал өткен жылы қарақалпақтық мұғалімдерге еңбек ақыларын тіпті картоп, сәбіз, асқабақпен төлеген, деп жазады centralasian.org сайты.
Бұдан бұрын елдің ақпарат құралдары Өзбекстанда айлықтың орнына қымбат бағамен шамдар және ауыл шаруашылығы тауарларын бергенін жазған.
Атап айтқанда, үстіміздегі жылдың ақпан айында “Өзбекэнерго” басқармасының басшысы Искандер Басидов 66 мың 579 қызметкеріне ай сайын қымбат бағамен компанияның өндіретін LED шамдарын сатып алуды міндеттеген.