Жақында әлеуметтік желіде жарияланған Қапшағай әкімі Сәтжан Қиқымовтың өзіне сұрақ қойған азаматқа дөрекі жауап қатуын, тіпті туысқаны да айыптады.
Әкімнің немере қарындасымын деп таныстырған Фатима Жандосова Facebook-тегі жазбасында өзінің туысының журналистке немесе блогерге „сен„ деп дауыс көтеріп, мінез танытқан ағасының қылығы үшін ұялатынын жазыпты. Алайда өзінің ағасының болмысы баяғыдан осындай екенін айтқан ол көпшіліктен мұны дұрыс түсінуге шақырады.
„Қапшағайдың әкімі – менің немере ағам. Мен оны қатты жақсы көремін, алайда біз байланыс қатты дамыған мына заманда сирек тілдесіп тұрамыз. Қазір мен ағамды жақтап, бір ауыз сөз айтсам деймін. Оның айтқанда өңменнен өткізіп, турасын бетке басатын тік мінезі бар, дауысы да қатты, қатқыл. Сөйлеу мәнері де бейнетаспадағыдай, ол арада оныкі дұрыс деп есептеймін. Біз көп араласпаймыз, тек туысқандардың қуанышы мен қайғысында ғана болмаса. Бірақ аға және үлкен туысым ретінде Сәтжан өте сезімтал, ашық адам екенін айтқым келеді. Ол – көпшіл, көңілді адам, отбасылық отырыстардың бірден тізгінін өзіне алады.
Әрине, видеода журналистке немесе блогерге „сен„ деп сөйлеп, басынуы маған ұнамады. Бұл оның көпшілік алдында мәдениетті сөйлеу қабілетінің жоқтығын көрсетеді. Бірақ онымен сөзталастырушы жігіттікі де дұрыс емес, ол оны айыптап отыр, дәлелді сынға да келмейді.
Жалпы, ел алдында мәдениеттен асу ағама артықтық етпейді. Тіпті, оған бұдан да ашық әрі анық жұмыс істеуге кеңес берер едім. Сонда қандай да бір айыптаулар, түсінбеушіліктер болмайды„ деп жазады Фатима Жандосова Facebook-тегі жазбасында.
Сондай-ақ ол өзінің оппозицияны жақтаушы адам екенін ашық айтады.
„Көп адамдар оппозициялық көзқарасты бөліскен кездері болған шығар, ал қандай да бір туысы мемлекеттік қызметте жұмыс істесе немесе керісінше болса, көп жағдайда бұл олардың жақсы туысқан болуларына кедергі келтірмейді деп ойлаймын. Мен де үнсіз қалуыма болатын еді. Онда мен қарындасы ретінде, сол секілді оппозиционер ретінде де өз-өзімді сыйламаған болар едім. Сондықтан өз ойымды айтсам деймін„ – дейді ол.
Ол бұл видеоны түсірген жігітті айыптамайтынын айтады.
„Мен билік пен оның отырыстарының барлығының түсіріліп, халыққа көрсетілгенін қалайтын адаммын. Мен жас жігітті әбден тұқырған ағам үшін ұяламын, бірақ ол өмірде сондай адам, осылай қатты сөйлейді. Бірақ дөрекі емес, әрине. Бұл шиеленіс тереңдеп кетпес деп үміттенемін. Өйткені Сәтжан – шаруақор адам, қазір ол балама энергетика көзі – Қапшағайдағы күн сәулесінен ток алатын электр стансасымен белсенді айналысып жатыр деп естігенмін. Өмірде не болмайды, бірақ мен үшін ағаның аты аға, ал әкімнің қызметі – әкімнің қызметі. Яғни ағамды жақсы көріп, әкімді ұялта аламын„ деп атап өтеді Қапшағай әкімінің туысқаны.