Ағасына деген сағынышы мен Баянға деген ренішін желіде жазуын доғартпаған Нағима Есентаеваның кеше туған күні болып өтті. Түрмедегі ағасы да осы айтулы күнді ұмытпапты.
“Қашан да қамқоршы, жанашыр, ақ көңіл, көпшіл, жомарт, пейілі кең, туысшыл, асқар тау ағатайым менің! Мен соншалықты толқығаннан не жазарымды да білмей қалдым.
Қаншалықты өмір тәлкегіне түсіп, қамауда отырсаң да қарындасым қаным, жаным деп, өзің алыста шарасыз жерде отырсаң да, қасында жоқтығын сезінбесін деп, достарың арқылы жасаған тосын сыйыңды алып, екі көзге ерік беріп… Алладан өзіңнің тек аман-есен ортамызға келуіңді тілеп отырмын.
https://kaz.365info.kz/kuager-bolgam-nagima-esentaeva-bakhytbektin-esh-zherde-zhariyalanbagan-suretterin-korsetti-288730
Жаным! АҒАТАЙЫМ менің қашан да көпшіл болған. Жүрген ортаңа қашан да сыйлы,құрметті АЗАМАТ болғандығыңнан ДОСТАРЫҢ ДА бір ауыз тілегіңді жерге тастамай, сенің қалауыңды жасап, келіп құттықтап кетті. Өзі жақсы адамға қашан да бір кісілік орын бар – дегендей, достарыңа сыйлы екеніңе тағы да бір көзім жетті. Сендей арқа сүйер ағатайымның бар болғанына мақтанып та марқайып отырмын. Алла тек осы сыйыңды алмаса екен деп тілеймін жаным, ағатайым.
Мәселе сыйлықта емес, тек сенің адамгершілігіңе, қамқор ағам болғаныңа басымды ием (бірін басын, бірін аяғын жазып кеттім бе білмеймін. Тек білерім қатты толқып жатырмын. Түсінікпен қарайсыздар деп ойлаймын). Негізі, кеше жолдасым қазақы астау сыйласа, бүгін осы Кауменованың тағы бір көйлегін әкеп төбемді көкке жеткізіп, сыйға тартқан. Екеуін де шығарғанға ұялдым, мақтаншақ деп ойлап қалмасын деп. Қасымда осындай арқа сүйер азаматтарымның болғанына іштей ғана АЛЛАҒА риза болып, шүкіршілігімді айтып қоям”, – деп жазды Нағима Есентаева.
https://kaz.365info.kz/bizdi-ymyttyn-ba-bakhytbektin-kharyndasy-ajarudan-teris-ajnaldy-foto-280718