Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
13
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Апалы-сіңілі қыздарды қаққан жүргізуші судьядан жылап тұрып қамауға алмауын сұрады

“Орта білімді, кәмелет жасына толмаған бір балалы, бұрын сотталмаған Наталья Пекничке қатысты 2 айға қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасына санкция берілді. Азаматша Қылмыстық кодектің 345 бабы үшінші тармағы бойынша айыпталып отыр. Соттың бұл шешемін үш күн ішінде бұздыруға шағымдануына болады”, – дейді Павлодар қаласы №2 сотының судьясы Әсет Сүлейменов.

Еске салсақ, адам шошырлық апат кешке Ломов және Катаев көшелерінің қиылысында болған. 2007 және 2009 жылы туған қыздар трамвай астына түсіп, үлкені көз жұмып, кішісі ауруханаға түскен. Трамвайды бес жылдық тәжірибесі бар 30 жастағы әйел басқарыпты.

Зардап шеккен қыздардың анасы күйеуі қайтыс болып, екі баланы өзі тәрбиелеп отырған. Қазір еріктілер бұл отбасыға көмек көрсетіп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз