Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Әнші Серік Ибрагимов әке атанды

133

Былтыр әншінің тойы ерекше болып өткен еді. 6 қазан күні Серік Айнамкөз есімді қалыңдығын ұзатып алған еді. Келін әншінің продюсері Алтынбек Рахметовтің шаңырағына түсірілді. Одан кейін Серік келіншегін ауылына алып барды. Онда қазақтың салты бойынша беташар рәсімі өткізіліп, келіннің бетін Төреғали Төреәлі ашқан еді.

Естеріңізде болса, осы тойда тойбастардың орнына Серіктің жаңа үнтаспасының халыққа ұсынылатынын айтқан болатынбыз. Одан бөлек, Ибрагимов той барысында су жаңа «Мейлі» атты әнінің тұсауын кесті. Айта кететін жайт, тойда дастарханға ішімдік қойылмаған.

Дереккөз: stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз