Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Англия королі сыйлаған…”. Қазақтың жазушы әйелі өзінің аста-төк байлығын көрсетіп мақтанды (видео)

200

https://kaz.365info.kz/kop-ajel-alu-ozindi-ozin-oltirgenmen-birdej-bekbolat-tileuhan-333522

Сұхбат барысында Аян Құдайқұлова құны бір үйге татитын бағалы тасты әшекейлері мен ешкімде жоқ эксклюзивті заттарын көрсетті.  Сонымен бірге, ол қалталы жарының артынан жүгіріп, оның көңілдесі болғысы келген қыздардың өте көп болғанын да айтты. Жазушы ақсүйектер ортасындағы тоқалдардың ауыр тағдыры мен бәйбішелердің мұңды өмірі туралы сыр шертті.

Жазушының қалталы күйеуі мен қыздары туралы Oybay Life бағдарламасының толық нұсқасынан көре аласыздар.

„Тоқалдар керек деп айтпаймын, бірақ оларға қарсы да емеспін. Өйткені олар да адам баласы. Өте көп жақсы тоқалдарды білем, өте көп жаман тоқалдарды білем.  Бәйбіше ғана жылап жүр деп ел ойламасын. Тоқалдардың жылағаның көрсең, жүрегің ауырады. Өйткені заңды түрде некеде жоқ, баланы да, үйді де өз атына жаза алмайды. Ешкім емес қой, заңға жүгінсе. Мен білем, емізіп отырған баласын, қырқынан соң әкесі тартып әкетіп қалғанын. Ештеңе істей алмады ана тоқал. Ақша ғой қазір билейтін.

https://kaz.365info.kz/sabitten-ylken-ajgyl-imanbaevanyn-kyjeui-bar-eken-video-333515

Қазақстан заң бойынша бәйбіше, тоқал деп белгілемейді, тоқалға рұқсат бермейді, бірақ оған онша қарсы да емес. Қазір біз сондай қоғамда өмір сүріп жатырмыз.

Егер еркек 3-4 әйел алып, оларды бөле-жармай тек материальдық жағынан ғана емес, физикалық жағынан да қанағаттандырып, түскі аста да, кешкі астада да барлық бала-шағасын дастарқан басына қосса, мен мұны қолдар едім. Ондай еркектен айналып кетесің ғой„ – дейді.

Қазіргі қыздар неге тоқал болғысы келеді деген сұраққа ол былай жауап берді:

„Тәрбиеге байланысты бәрі.

Мысалы, ауылдан қыз келеді Алматыға. Есентайға барады. Ол арадағы сапалы, қымбат киімдерді, әшекейлерді көреді. Алғысы келеді. Бірақ ақшасы жоқ. Ауырып қалады.

Соған тез қол жеткізу үшін амал іздейді. Міне, сол тапқан амалдың бірі бұл„ – дейді.

https://kaz.365info.kz/maskhara-otbasyly-madina-saduakhasova-da-zhalanash-keudesin-korsetti-foto-333317

Сол секілді өзінің күйеуіне тигісі келген қыздың көптігіне де тоқталды:

„Менің күйеуім оқыған адам. Москвада, Лондонда оқыған. Қазір ол басқарып отырған компания ағылшындікі. Өзі Алматыда туған. Орысша білім алған. Ауыл жігіттері кішкене байыса тоқал алғыш боп келеді. Бірақ қаалада өскендер ондай емес. Олардың менталитеті бөлек. Осы жағынан, мені Құдай сақтап жүрген секілді.

 

Дерек көз:Nur.kz.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз