Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
17
USD
447
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.79
0.00

“Аңғал қазақ, мінбе оған!”. Қытайдың сары велосипедтері өте қауіпті екен

309

Пост авторы бүй деп жазыпты:

Тегін шайтан арба шайтанның тұзағы емес пе?

Алматы көшелерінде сары түсті шайтан арба (велосипед) қаптап кетті.

OFO деп аталатын велосипедтерге студент біткен отырып мәз. Мәз, өйткені желтоқсанның соңына дейін тегін.

Бірақ мәселе мұнда емес,

мәселе оның қай елге тиесілі екендігінде. OFO велосипедтер жүйесі көршілес Қытай елінен келген.

Келгеніне бір апта өтпей жатып, қала тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие болды. Тегін ірімшік тек тышқан қақпанында ғана болатынын ескерсек, бір ай бойы тегін шайтан арбаны тебуге рұқсат еткен бұл компанияның астарында не жатыр деген ойға келемін. Әрине, біріншіден ол нарықты жаулап, тұтынушы санын арттырғысы келеді. Онысы экономикалық әрекет.

Алайда тиынның екі беті болатындай екінші жағынан бұл идеологиялық экспансияның бір түрі.

Қазаққа Қытайды жақсы етіп көрсету. Әсіресе жастарға.

Сары шайтан арбаның үстінде сайран салып, тегін теуіп кетіп бара жатқан «сары ауыз балапан» студенттер «Қытайдың несі жаман?» деген ойда жатақханасына аттанып бара жатса, Бейжің үшін сол олжа.

Ғұндарда «Қытайдың қылыш алып, қарсы шапқаны емес, тегін жібек таратқаны қауіпті» деген сөз болған. Расымен солай.

Көзге көрінетін жаудан, көрінбейтін жау қауіпті ғой.

Соңғы уақытта қысықкөздер қазақты жарылқағыш болып кетті. Біресе оқуға тегін грант береді, біресе тегін шайтан арба әкеледі.

Аңғал қазақ «ақ балық, қармағымды қап балық» деген жымысқы ойға түсіп қалмаса болғаны.

Ең өкініштісі сол, барлығы да жастардың санасын жаулауға бағытталған әрекеттер, одан да сорақысы сол, оған жастардың сеніп қалуында. Шайтан арбаны әкелудің өзі шайтанның бір тұзағы ма деп қалам…

Қателессем игі еді. Байбегіміздің “байкі” артық-ау одан да!

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз