Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Әне жерімді ұстап алды…”. Ақтөбелік үйіне шақырған танысын өлтіріп қойды

Түнде жәбірленуші үй иесінің жыныс мүшесін ұстаған. Ұйқысынан оянған сотталушы ашуланып, оны тоқтаусыз ұрып-соғып, сүйреп үйінен шығарып тастады. Кейін оның қимылсыз жатқанын көріп, қайтадан үйіне әкеліп, өзі жұмысқа кетіп қалды.

Бірақ көп ұзамай анасы хабарласып, танысының қимылсыз жатқанын айтып берген. Сотталушы К.Артур үйіне келіп, полиция қызметкерін шақырды. Осы оқиға бойынша іс қозғалып, сотталушы өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады.

«К.Артур Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 8 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жаза өтеу орны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесі деп белгіленсін. Жәбірленушінің пайдасына 2 миллион теңге моральдық залал, мемлекет пайдасына 650 мың теңге сот шығыны өндірілсін»,- деді судья А. Мусина.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз