Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-7
USD
389
0.00
EUR
428
0.00
RUB
6.08
0.00

“Анау келеді екен…”. Назарбаев орнына кімді дайындап отыр?

Қазақстанның екінші президентіне қазіргі ел басшысы Нұрсұлтан Назарбаевта бар өкілеттіктер берілмейді. Билік транзиті жайлы мұндай пікірді “Альтернатива” өзекті зерттеулер орталығының директоры, саясаттанушы Андрей Чеботарев білдірді.

https://kaz.365info.kz/bylaj-bolady-tanymal-sayasattanushy-nazarbaevtyn-bilikti-kimge-khaldyratynyn-ajtyp-berdi-247942

 

Президенттікке кімдер таласа алмайды?

Чеботаревтің пікірінше, бүгінде елде билік транзитінің институционалдық сұлбасы көрініс тауып жатыр. Ол “Қауіпсіздік кеңесі туралы” заң жобасы мен “Сайлау туралы” заңға түзетулерді аргумент ретінде келтіріпті.

Сонымен бірге, сарапшының пайымынша, соңғысы президент лауазымына кандидаттар тізіміне “қарапайым адамдардың” ғана емес, билік элитасының да енуіне тосқауыл болуы мүмкін.

“Егер бұрын кез келген адам ел президентіне өзін кандидат ретінде ұсына аламын деп есептесе, енді бұл құқық тек қана республикалық қоғамдық бірлестіктерге ғана беріледі. Біз өткен сайлауларда президенттікке лайықсыз адамдардың сайлауға түсуге әрекеттеніп, тіркеу кезеңінде шығып қалып жатқанын көрдік. Алайда, екінші жағынан, мемлекеттік қызметте ешқашан істемеген, ірі бизнес өкілдері болған адамдар бұдан былай сайлауға қатыса алмайды.

Бұл ретте Forbes тізіміне кіретін олигархтарды айтуға болады”,

— деді  Чеботарев Евразия ұлттық университетіндегі көктемгі Еуразиялық жастар мектебінің ашылуында.

Президенттікке кандидаттар ауру-сырқауы жоқтығын дәлелдеуі тиіс деген талапты Чеботарев “айлалы әрекет” деп бағалады.

“Әлдекімді президенттікке кандидат ретінде жібергің келмей ме? Мархабат. Ол кез келген ауруханаға барады, ал оған Астанадан шалынған қоңырауға сүйеніп психикалық ауытқушылығы бар деп жазып береді.

Адамды әкімшілік жауапкершілікке тартудың керегі жоқ, оның сырқат екенін айтса жеткілікті. Менің көзқарасым бойынша, мұның бәрі керексіз кандидаттарды жібермеу үшін жасалып жатыр. Алайда бұл қоғамнан емес, билік элитасынан шыққан тұлғаларға қатысты.

Қарбалас шақ туған кезде президенттің айналасындағы адамдар өз адамын ұсынады, қарсы топтан біреу шығып, “Мен де ел басқара аламын” деуі мүмкін. Сол кезде осы технология қолданылады”, — деп пікір білдірді Чеботарев.

https://kaz.365info.kz/base-solaj-eken-goj-myrager-turaly-angimeni-kim-shygaryp-zhyr-253215

 

Президенттің қызынан “көлеңкелі кардиналға” дейін

Чеботарев қазіргі таңда Қазақстанда “өз қатарын тазалау” жұмыстары жүріп жатыр деп есептейді. Сонымен қатар ол елдегі билік транзиті өзбек сценарийі бойынша өтетініне күмәнмен қарайды. Сарапшының айтуынша, Қазақстан жайлы не айтсаң да, көрші елдің элитасы анағұрлым ұйымшыл. Нұрсұлтан Назарбаев, саясаттанушының пікірінше, бөлшектелген билік топтарындағы тепе-теңдікті сақтай алады.

“Біздің сарапшыларды екінші президент кім болатыны қызықтырады. Өз басым бұл сұраққа басымды қатырмаймын. Кім болса да, ол адам екінші Назарбаев болмайды. Бұл менің топшылауым. Тіпті өкілеттігі бойынша алып қарайтын болсақ. Қазақстанның екінші президенті болуға ұсынылмаса да, кем дегенде үміткерлерді талқылап, шешім шығарып, ықпал етуге құқығы бар тұлғаларды атап бере аламын”, — дейді Чеботарев.

Саясаттанушы өз тізімін екі топқа бөлді:

біріншісі – отбасы мүшелері, екіншісі – Назарбаевтың төңірегіндегі адамдар.

Бірінші орында Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы – парламент сенатының депутаты Дариға Назарбаева. “Құқықтарын алға тартатындар” тізімінде – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш, Чеботарев оның Назарбаевтың жиені екенін айтты.

Одан кейінгі кезекте – Ахметжан Есімов, қазір “Самұрық-Қазына” басқарма төрағасы.

Саясаттанушының төрттігіне Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев кіреді. Бірақ, оның пікірінше, Құлыбаев соңғы жылдары саясаттан алшақтап кетті. “Дегенмен, ол айтарлықтай беделді тұлға”, — дейді Чеботарев.

Президентке жақын тұлғалардың ішінен саясаттанушы сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевты және мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулинді, президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековті, ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовті, сонымен бірге Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің бірі Болат Өтемұратовты атады. Саясаттанушының пайымдауынша, бизнесмен — “көлеңкелі кардинал”.

“Қазіргі премьер-министр Бақытжан Сағынтаев туралы айтпағаным, ол тек техникалық орындаушы қызметін атқарады”, — дейді Чеботарев.

“Ал Тасмағамбетов ше” деген сұраққа саясаттанушы “оны да бағалаймын” деп жауап берді.

Ельцин мырза сияқты

Саясаттанушы Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары бірінші оқылымда мақұлдаған “Қауіпсіздік кеңесі туралы” заң жобасының маңызына тоқталды.

“Заңның қабылдануы билік транзиті бірден болады деген сөз емес. Бірақ Назарбаев қалаған кезде, кез келген уақытта болуы мүмкін. Кезіндегі Ельцин мырза сияқты. Ол лауазымын сол кезде көпшілікке беймәлім премьер-министр Путин мырзаға бергісі келді ғой”, — деп ойын тиянақтайды саясаттанушы.

Оның айтуынша, транзиттің қашан болатыны туралы ғана пікір таластыра аламыз, ал оның ерте ме, кеш пе орын алатыны жалпыға мәлім жайт.

https://kaz.365info.kz/nazarbaev-kimge-ornyn-beredi-olzhas-sylejmenov-myragerdin-atyn-ajtyp-khojdy-248640

 

 

https://kaz.365info.kz/bes-million-khabatovtyn-bir-tojga-syragan-khynyn-estigen-zhigit-talyp-khaldy-video-317410

Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2019 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз