Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қанат Ислам мен Хуан де Анхель жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті

 

– Өздеріңіз көрдіңіздер, салмағым 69,8 келіні көрсетті, бәрі ойдағыдай өтті. Көңіл- күйім тамаша,- деп жазды ол. Ал оның қарсыласы колумбиялық Хуан де Анхельдің салмағы 69.3 келі болды.

Ал жерлесіміздің проумоутері Нельсон Лопес Қанат Исламның колумбиялық  Хуан де Анхельмен айқасы алдында: “Қазақстанда барша жұрт тек Головкин жайлы айтады, бірақ Қанат оның ізін басып келеді. Оның есімін де көпшілік жақсы біледі, елде мыңдаған табынушылары бар. Бізге алға жылжу үшін серпінді қадам керек және бұл жексенбіде іске асады. Ол супер жұлдызға айналады – бұл тек уақыт еншісінде”, – деп мәлім етті.

Үмітін үкілеген қазақстандықтар Қанат Исламнан тек жеңіс күтеді.

Еске сала кетейік: Қанат Исламның АҚШ-та өтетін 21-ші жекпе-жегін «Қазақстан» ұлттық арнасы тікелей эфирде Астана уақытымен 9 мамыр күні таңғы сағат 07:00 де  көрсетеді.

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз