2021 жылы ана өлімі бұрынғыдан үш есе жоғары. Бұл тек орташа көрсеткіш. Ал кейбір аймақтардағы көрсеткіштер жаға ұстатады. Тұтас қызметті материалдық-техникалық қамтамасыз ету қалдық қағидаты бойынша қалыптастырылады. Ал жабдықтың тозуы – 50% және одан жоғары.
Бұл туралы мәжілісмендер тобы премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың атына депутаттық сауал жолдады.
Қазір ана мен бала мемлекеттің қорғауында. Депутаттар денсаулық сақтаудың салалық мемлекеттік бағдарламаларының әрқайсысында
негізгі мақсатты индикаторлардың бірі – ана өлімі көрсеткішін төмендету тұрғанын атап өтті.
Статистика бойынша, 2010 жылы ол 100 мың туылғанға шаққанда 22,7-ні құрады. Қолданыстағы мемлекеттік бағдарлама оны 2025 жылға қарай 100 мыңға 14,5-ке дейін төмендетуді міндет еткен еді, 2021 жылы ол 17,1-ді құрауы тиіс болған.
Бірақ 2020 жылдың өзінде жоспарлы көрсеткіш үш есеге жуық өсіп, 100 мың тірі туғандарға шаққанда 36,5-ті құрады. Бұл ретте 36,5-орташа республикалық деңгей. Өңірлер бойынша сандар 70-ке дейін, кейде 100 мыңға шаққанда 95-ке дейін жетеді.
— Әрине, бәрін коронавирусқа жаба салуға болады. Бірақ халықаралық сарапшылардың айтуынша, жүкті әйелдер арасында COVID-19 өлімінің жоғарылауы пандемия кезінде
акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыруда жүйелі мәселелері бар елдерде ғана байқалған,
— деп атап өтті мәжілісмендер.
Олар 2014 жылы жүкті әйелдерді басқару және әйелдерді ана болуға дайындау алғашқы медициналық-санитарлық көмектің жалпы желісіне берілгенін еске салды. Әйелдерге кеңес беру институты жоғалды. Бұл
амбулаториялық акушерлік-гинекологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасына әсер етті.
Дәлел ретінде қол қоюшылар қайтыс болған аналардың арасында:
Сонымен қатар, көпшілігі жүктілікті жоспарламаған және арнайы дайындықтан өтпеген.
Одан әрі жүкті әйелдер үшін стационарлық көмектің қолжетімділігі төмендеді.
Бірқатар өңірлерде 2015 жылдан бастап мамандандырылған ұйымдар мен бөлімшелердің төсек-орын қоры 30%-ға қысқарды.
Көпсалалы ауруханалардың құрамында акушерлік-гинекологиялық бөлімшелерді қаржыландыру басымдығы сақталмай отыр.
Тұтас қызметті материалдық-техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету қалдық қағидаты бойынша қалыптастырылады, деп мәлімдейді депутаттар. Олар мұны денсаулық сақтау министрлігінің статистикасымен растады, ол бойынша жабдықтар орта есеппен 80% құрайды.
Соған қарамастан жабдықтың тозуы 50,85%-ға, ал жекелеген жағдайларда 100%-ға жетеді.
– Ана өлімі — бұл медициналық көрсеткіш қана емес, сонымен қатар бұл әлеуметтік көрсеткіш. Бүгінгі нәтижелермен және ананы медициналық сүйемелдеудің сапасымен біз ДДҰ “жағдайлары тұрақсыз және гуманитарлық мәселелері бар орындар” деп атайтын әлемдегі ең кедей елдердің деңгейіне жеттік”, — деп атап өтті депутаттар.
Депутаттар ана өлімі бойынша жағдайға жан-жақты талдау жүргізуді, оның нәтижелерін жариялауды және оларды ашық талқылауды талап етті.
Сонымен қатар: