Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Ән айтпай-ақ қойшы”. Көрермендер Кәмшат Жолдыбаеваға киноға түсіп жүре беру керек екенін айтты

293

Күні кеше көрермендер “Қарлығаш ұя салғанда” сериалының алғашқы бөлімін тамашалап үлгерді, деп хабарлады Stan.kz.

Бұл – Жолдыбаеваның кинодағы алғашқы тәжірибесі емес. Актриса осы уақытқа дейін бірнеше сериалда басты рөлді сомдап үлгерді. Әрі көрермен Кәмшатқа “талантты актриса” деп бағасын беріп үлгерген.

«Бұтын ашып». Сахнада көрерменмен бірге билеген Кәмшат Жолдыбаева тағы сынға ұшырады (видео)

Десе де, көпшілікке Кәмшаттың сахнадағы ерсі қылығы ұнамайды. Соңғы кездері ашық-шашық образдарымен ел алдына шығуды жиілеткен Жолдыбаева әбден тыңдарманының көңілін қалдырды. Дәл осы себепті көзі қарақты көрермен Кәмшатқа кинода қалуға кеңес беруде.

Қырғыз әншісі бейнебаянда Кәмшат Жолдыбаевамен сүйісуден бас тартқанын айтты

“Кәмшатқа ән айтқанша, сериалға түсе беру керек. Өмірден алынған фильм екен”, “Ән айтқаннан гөрі актриса болған жарасады”, “Би билеп, ән айтпай-ақ қойсын, актриса болған жақсы. Жақсы ойнайды”, – деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз